57
өлімі, ұрлық-қорлық, зорлық-зомбылық, қарақшылық секілді әрекеттер көбейе
түседі. Ал рухани саламатты қоғамда оң бағалауға ие лексика
(ар, намыс,
қасиет, абырой, жетістік, т.б.) басым болуы тиіс.
Қазіргі уақытта әлем психологтары, тіл мамандары сөздің құдіретін,
жасампаз күшін, энергетикасын жан-жақты зерттей бастады. Адамның
аузынан
шыққан сөздің оның өмірінде де орын алатынына көз жеткізіп, дәлелдеп келеді.
Мамандар айтылатын әрбір сөзге жіті мән беруді, негативті сөздерді мүлдем
айтпауды, еститін сөздерге сүзгі қоюды ұсынады.
Сөздің құдіретіне қатысты айтыскер ақын А. Тұрсынбаева: «Сөздің киесі
бар. Кешегі қыршынынан қиылған Денис Теннен «Спортта
қай жасқа дейін
жүресің?» деп сұрағанда, «25 жасқа дейін» деп жауап берген... Оразалы
Досбосынов деген алапат ақын досым көбінесе сөзді:
«Атым Ораз болғанмен,
Отыздан жасым аспаған,
Иегін сақал жаппаған.
Сүйінбаймын, Жамбылмын,
Таңжарықпын, Шарғынмен» деп бастайтын...
Шынында жасы отыздан аспады, небәрі 29 жасында жарық дүниемен қош
айтысып кете берді... Кейін Оралдан Асылбек Исщанов деген ақын бала
шықты. Сол бала өзінің ең соңғы айтысында:
«Бір күнде бес ақынмен
Айтысып бәрін жеңетін
Оразалының жолын бер» деп жырлаған екен. Арада көп уақыт өтпей жап-
жас Асылбек сол Оразалы ағасы құсап жол апатынан қаза тапты. Атақты
Жәнібек Кәрменовтың керемет термесі бар, сол терменің ішінде «Жалғыз
шықпа сапарға, өкініште қаларсың» деген жолдар бар. Сол Жәнібек ағамыздың
жолға жалғыз шығып кетіп жүрегі тоқтап қалып, жол апатына ұшырап қайтыс
болғанын біреу біліп, біреу білмес.. . Атақты Мұқағалидың да:
«Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде,
Қырықтың бесеуінде» деген өлеңі бар. Ақиық ақын шынында 45 жасында
дүниеден өткен еді. Менің Мейрамгүл деген актриса құрбым бар еді. Бір күні
үйге келіп, екеуміз шәй ішіп отырдық. Содан ол өзінің бір құрбысы туралы
әңгіме айтты. «Жақсы әнші еді, Алматыдан
келе жатып тура Балқаштың
қасында авария болып қайтыс болды, машинаның артындағы бір банкасы да
сынбапты» деп таң қалып отырды. Кейін тағы бір көргенімде өзінен-өзі
«Айнұр, сол Балқаштың маңайында авария көп болады екен ғой иә?» деп тағы
қоймады. Соңғы рет көргенімде Алматыға көлікпен баратын болдық.
Балқаштың жанынан байқап өту керек» деп тағы қайталады. Сол құрбым тура
сол құрбысы қайтыс болған Балқаштың маңында жол апатынан бала-
шағасымен қайтыс боп кетті... Біз көбінесе сөзге мән бермей жатамыз. Әсіресе
ашулансақ, балаларға ұрыссақ артық кетіп қаламыз. «Өстіп жүріп бір бәлеге
ұрынасың, суық тиіп өлесің, оқудан шығарып жібереді,
адам болмайсың,
енеңнен таяқ жейсің, басыңды асырай алмайсың» деген сияқты артық сөздерді
айтып жібереміз. Исламда «жақсы сөз сөйле, болмаса үндеме» деген хадис бар.
58
Ендеше жақсы ойлап, тек қана жақсы сөз сөйлеп үйренейік. Сонда бәрі жақсы
болады», – дейді [98].
Бұдан қазіргі зерттеушілердің айтып жүрген тілдің талқандаушы күшін
аңғаруға болады. Сондықтан лингвоэколог ғалымдар тілдік ортаның
экологиялық таза болуының маңызын өзектейді.
Медиа басылымдар негативті құбылыстар болып жатқан қазіргі қоғамның
шынайы бейнесін көрсетіп жатыр деп ойлаймыз. Алайда оларда қанды
оқиғалардың орын алу барысын егжей-тегжейлі бермей, негативті хабарларды
берудің жиілігін, қайталануын, маңыздылығын, қажеттігін таңдау мүмкіндігі
бар.
Күнделікті жиі-жиі берілетін оқыс оқиғалардың
мәтіндеріндегі теріс
бағалауыштық
семантика
ішінара
жоғалады,
негативті
мағыналары
бейтараптанады, көрермендердің агрессивті хабарларға бойы үйренеді.
Психиканы зақымдаушы мәтіндермен, суреттермен, бейнежазбалармен
берілетін хабарлар мен бағдарламалар
адам өлтіру, бала зорлау, зорлық
көрсету, адам ұрлау, т.б. құбылыстар жөніндегі ақпараттарды біртіндеп оңай
қабылданатын қарапайым фактілер қатарына ауыстырады.
Осылайша адамдар
зұлымдыққа қорқынышпен, қарсылықпен, жеккөрінішпен қарамайтын болады,
соның салдарынан зәбір көрушілерге аяушылық, жанашырлық, рақымшылық
танытпайтын болады.
Сонымен медиакеңістіктегі қазіргі экологиялық емес тілдік орта
адамдардың
тілдік санасын тарылтып, әлемнің негативті тілдік бейнесін
қалыптастырып жатыр. Тілдік кеңістік пен оның артында тұрған тілдік
тұлғаның санасына кері ықпал ететін тілдік сананы манипуляциялау, адам
ағзасындағы психофизиологиялық өзгерістерге әкелу, нағыз шындықты
бұрмалау, эмоционалды «күйреуге» әкелетін негативті хабарлардың
экспансиясы секілді түрлі тілдік тетіктер қоғам мен адамға қатысты тілдің
деструктивті қызметін орындай алады. Сондықтан бұл үдерістерді
тіл мен
адамның экологиясын бұзатын ауытқулар деп қабылдауға болады.
Қазақ тіліндегі эмоционалды құрылымдарды зерттеген Ғ.Қ. Иманалиева:
«Кез келген қоғамда өмір сүретін адам сол ортадағы түрлі жағдайға
байланысты немесе сырттан түрлі ақпарат қабылдау кезінде бір қалыпта
болмайды. Түрлі сезімдік күйді бастан кешіреді. Ол сезімді сыртқа шығарудың
түрлі жолы бар, оның бірі эмоцияны тіл арқылы шығару», - деп тұжырымдайды
[99]. Яғни қабылданатын ақпарат адамдарға эмоционалды түрде әсер етеді, ал
адам сол эмоциясын тіл арқылы шығарады.
Санасы зақымданып, қоғамдағы келеңсіз оқиғаларды үнемі көріп-естіп
жүрген адамдардың көңіл күйі түсіп, ашушаң бола бастайтынын ескерсек,
олардың сыртқа шығатын эмоциясы да негативті болады. Бұның салдары сол
ақпараттарды қабылдаушы адамдардың өздерін агрессорға айналдырады. Оны
медиакеңістіктегі лингвотоксиндік құбылыстардың
бірі саналатын тілдік
агрессияның фактілерінен көре аламыз. Агрессивті дискурстағы тілдік агрессия
көріністері бұл мәселені «адам↔адам» моделі аясында жеке қарастыруға негіз
болады.