К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-141. ОӘК қойылатын талаптар



бет118/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Сурет-141. ОӘК қойылатын талаптар
Мемлекеттік білім стандарты; оқу пәнінің бағдарламасы; кәсіби модуль бағдарламасы; пән бойынша оқу-құрал (дәрістердің толық курсы); семинар немесе практикалық сабақтарға арналған нұсқаулық;тест материалдары мен әдістемелік нұсқаулықтар (142-сурет).


Сурет-142. Оқу-әдістемелік кешен
Заманауи оқулықтар мен оқу құралдар: оқулықтар, оқу құралдары; анықтамалық басылымдар, сөздіктер; ғылыми әдебиеттер; хрестоматиялар; семинар немесе практикалық нұсқаулық; электронды және мультимедиалық оқулықтар ( 143-сурет).

Сурет-143. Заманауи оқулықтар мен оқу құралдары
Оқу материалының құрылымы: тақырып атауы; тақырыпты зерттеу мақсаттары; тақырып бөлімдерінің атауы; әр бөлім бойынша оқу ақпараты; өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар; әдебиеттер тізімі; Интернет ресурстарына сілтемелер және т.б.
ОӘК мазмұнын анықтайтын оқу-әдістемелік құралдар: пәннің бағдарламасы; пән бойынша оқу құралы; пән бойынша әдістемелік құралдар ( 144-сурет).


Сурет-144. Оқу-әдістемелік материалдардың сипаттамасы

ОӘК дайындау тәртібі: ОӘК құжаттарын рәсімдеу; оқу процесінде ОӘК материалдарын апробациялау; ОӘК материалдарын түзету және бекіту ( 145-сурет).


Әдістемелік нұсқау кез-келген тақырыпты немесе сабақты зерттеудің ретін, логикасын және екпінін ашады. Әдістемелік ұсынымның міндеті белгілі бір қызмет түріне қатысты іс-әрекеттің ең тиімді, ұтымды нұсқаларын насихаттау болып табылады.

Сурет-145. ОӘК дайындау тәртібі

Әдістемелік құрал кез-келген білім беру курсының мәнін, ерекшелігін және әдістемесін ашатын жүйеленген материалды қамтитын әдістемелік өнімнің кешенді түріболып саналады ( 146-сурет).



Сурет-146. Әдістемелік құрал, әдістемелік нұсқаулық
Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының талаптарына сәйкес келетін және белгілі мамандық бойынша студенттер даярлау ерекшелігін ескеретін оку материалын игеру бағдарламасы. 
Сабақ жоспары (сабактың технологиялық картасы) – білім беру мазмұнын, студенттерді окыту, тәрбиелеу және дамыту, олардың практикалык білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру мақсаттарын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшіи әрбір оқу сабағына арналған оқытушы әзірлейтін оқу-әдістемелік құжат.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар (КТЖ)–бағдарламамен қарастырылган оқу материалын оқу сабактары бойынша күнтізбелік бөлу; сабақ жүргізудің алдын-ала жоспарланган түрлері; студенттердің өздік жұмысына арналган тапсырмалар дайындау және қажетті әдебиетті іріктеу; КТЖ оқу жұмыс бағдарламасы бекітілгеннен кейін әзірленеді.
Әдістемелік материалдар – білім алушылардың оқу бағдарламасын нәтижелі түрде игерілуін қамтамасыз ететін нұсқаулар, ұсынымдар, түсіндірме материалдары.
Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу әдістемелік құралдарға сараптама жасауды «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жүргізеді.
Әдістемелік нұсқаулар және ұсыныстарды профессорлық оқытушылар құрамы жасайды. Кафедрада оқу-әдістемелік жұмыстарын әрбір оқытушы жеке жоспарларға сәйкес іске асырады, ал кафедра меңгерушісі және факультеттің әдістемелік комиссиясы реттейді және бақылайды.
Кафедрада оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру дегеніміз – іс-шаралар мен ұйымдасқан-әдістемелік жұмыстарды білдіреді: оқу процесін оқу-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз ету (силлабус, бақылау-өлшеу материалдары, СӨЖ және т.б.); білім алушылардың аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарын дамыту; формаларын және әдістерін жақсарту (147, 148-суреттер).
Оқу-әдістемелік жұмысының міндеттері болып табылады: оқыту бағдарламаларын іске асыруды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету; профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми-әдістемелік құзіретін дамыту; педагогикалық қызметкерлердің шығармашылық ойлауын дамыту, біліктілігін көтерумен және кәсіби шеберлікпен қамтамасыз ету; оқыту процесінің қазіргі күнде бар жаңа технологияларын, әдістерін, құралдарын және формаларын жасау, енгізу, дамыту; оқу-әдістемелік жұмыстың басшылығы университетте сәйкес құрылымдық бөлімшелерге жүктеледі.
Оқу пәнінің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) күндізгі, сырттай немесе қашықтықтан окыту бойынша білім беру қызметін ұйымдастыру элементгерінің бірі болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет