Ал, тьютор ЖОО-да студенттерге белгілі бір пән бойынша практикалық (семинар) сабақтар жүргізіп, оқу процесін жетілдіріп, семестрлік және курстық жұмыстарға басшылық ететін пән оқытушысы.
«Тьютор» ұғымы еуропалық университеттермен тығыз байланысты, әуел баста Ұлыбританиядан бастау алған. Тьютор XIV ғасырда Оксфорд университетінде, одан кейін Кембридже рәсімделді. Сол уақыттан бастап тьюторлық міндет университеттің тәлімгерлік формасы ретінде түсіндіріледі.
Жалпы қазіргі таңда, білім берудің дәстүрлі кеңістігінде тек қана оқуға екпін қойылып, әлеуметтік практика үрдісі қарастырылмаған. Ал тьюторлық үлгіде балаға білім берумен қоса оның қоғамдық белсенділігі міндетті түрде қарастырылады. Яғни, тьютор мен оқушы белгілі бір тақырыпты анықтап, алдына мақсат-міндеттер қойып, жеке білім алу бағдарламасын жасайды.
Қазір, тьюторлық қызмет, әсіресе, зияткерлік мектептерде жиі көрініс беріп жүр. Оның себебі, дарынды оқушылардың оқу бағдарламасын толық меңгеруіне жағдай жасау мақсатында мектептерде академиялық кеңесшілер – тьюторлар қызметі ұйымдастырылған.
Тіркеуші кеңсесінің негізгі қызметтері төмендегідей: білім алушыға бекітілген оқу жоспарының негізінде, өзінің жеке оқу жоспарын жасауға, студенттердің орталықтандырылған тіркеуін, пәндердің пәнаралық таңдамалылығын қамтамасыз етіп, еркіндікті қамтамасыз ету;
білім алушыға оқытушыны таңдауға қамтамасыз ету;
білім алушының өзінің оқу оқу траекториясын таңдауға эвайзерлердің көмегі болуын қамтамасыз ету;
транскрипт беру;
есеп берудің толық және қауіпсіздігі, сонымен қатар аттестацияға жауапкершіліксіз қарауды жою;
білім алушылар мен оқытушыларға оқытылатын пәндерге тіркеу және қайта тіркеу кезінде кеңес беру.
Офис-тіркеуші қызметінің ұжымы біліктіліктерін жоғарлату бойынша әрдайым жұмыс жүргізеді: білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау; аралық бақылау; қорытынды бақылау (138-сурет).