К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Тәрбие педагогикалық ғылымдардың категориясы



бет120/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   171
Тәрбие педагогикалық ғылымдардың категориясы
Тәрбие педагогика ғылымының категориясы ретінде нені білдіреді?
«Жас бала – жаңа өркен жайған ағаш тәрізді» – дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңнен, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді қажет етеді.
Тәрбие адам қоғамының барлық кезеңдерінен орын алған. Осыған орай, «тәрбие» ұғымына берілген анықтамаларға сараптама жасап, оларды төмендегі кестеге сәйкес жүйелеуге болады (29-кесте).
Кесте 29- «Тәрбие» ұғымына берілген анықтамалар

Реті

Ғалымдардың
аты-жөні



Анықтамалары

1

Әбу Насыр
әл-Фараби



Тәрбиеге көнбейтін, жөндеуге, түзетуге болмайтын жас болмайды. Тек ретін тауып үйретуден, баулудан жалықпау керек...

2

М.Жұмабаев



Тәрбие кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі

3

В.А.Сухомлинский

Тәрбие – кең мағынасында, бұл рухани жағынан үнемі жетілу және баюда көпсалалы процесс

4

Л.Н.Толстой

Тәрбие – біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету... Тәрбие – бізге мәлім адамгершілік әдет-ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі

5

Н.К.Крупская

Тар мағынада алып қарағанда, «тәрбие» деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқына әдетте ересек адамдардың алдын-ала ойластырылған және жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы, ал кең мағынасында ...қоғамдық мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді

6

К.Д.Ушинский

...мектеп, тәрбиеші және ұстаздар – адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері: табиғат, отбасы, халық ...және оның тілі болады

7

Т.А.Ильина

Тәрбие – жаңа ұрпақты қоғамдық өмірге, өндіргіш еңбекке даярлау мақсатын көздеп, оларға қоғамдық, тарихи тәжірибені ауыстыру процесі

8

Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев

Тәрбие – жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық-тарихи тәжірибені үйрету процесі

9

Т.Б.Бегалиев

Тәрбие – қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі



Тәрбие – нақты педагогикалық мақсатты, міндетті шешуге бағытталған, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсат бағыттылығы, жүйелі өзара ықпал, қызмет ету процесі:

  • қоғамдағы өмір мен еңбекке даярлау барысында қажетті әлеуметтік іс-тәжірибені аға ұрпақтың жас ұрпаққа беруі, жас ұрпақтың оны меңгеруі;

  • жеке адамның бойында белгілі бір қасиеттер мен сапаларды қалыптастыру үшін мақсатты, бағытты, жоспарлы, жүйелі жүргізілетін процесс;

  • ғылыми дүниетанымын, көзқарасы мен сенімін, іс-әрекетін табиғи үйлестіре алатын, жан-жақты үйлесімді дамыған адамды мақсатты, жүйелі, жоспарлы қалыптастыру процесі;

  • жаңа ұрпақты қоғамдық өмірге, өндіргіш еңбекке даярлау мақсатын көздеп, оларға қоғамдық, тарихи тәжірибені алмастыру процесі.

Тәрбиенің негізгі міндеттері:

  • жалпы адамзат қоғамы жинақтаған мәдени байлықты танып білуге қатысу;

  • ішкі ар бостандығын дамыту: өзіне-өзі баға беру, өзін-өзі басқара білу, өз беделін кез келген ортада және кез келген жағдайда сақтап, қорғай білу;

  • жас ұрпақтың білімге, ғылымға деген ынтасын, ықыласын арттыру, ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру;

  • жер тағдыры мен ел тағдырының, табиғат пен адам өмірінің бірлігін терең сезінетін жер, су, ауа, ғарыш әлемінің қадірін бағалай білетін, табиғатты аялап, оны қорғай алатын зияткер тұлғаны тәрбиелеу;

  • жас ұрпаққа ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру және оларды сұлулыққа, тазалыққа үйрету;

  • жас ұрпақты саламатты өмір сүруге баулу;

  • жас ұрпақты тәрбиелеуде «бостандық», «теңдік», «демократия» деген 3 ұғымның маңызын жете түсіну, мемлекеттік белгілерді сыйлауға баулу;

  • қазақ халқының ерлік, жауынгерлік тарихын, ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, елін қорғай алатын елжанды, ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтарды тәрбиелеу;

  • мемлекет заңдарын білу және оған сый-құрметпен қарау, оны жүзеге асыруға дайын және ынталы болу; қоғамдық заң ережелерін бұзушылыққа төзбестік білдіру, бұл жолда азаматтық жауапкершілік көрсету, адамгершілікке жат кеселдерге қарсы күресуді әрбір жастың күнделікті мінез-құлқына айналдыру.

Тәрбие процесі – бұл арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет. Тәрбие теориясында оқыту процесінде тәрбиелеумен қатар оқудан тыс кезеңдегі тәрбиеге де көп көңіл бөлінеді.
Тәрбие теориясын зерттеуге қомақты үлес қосқандардың бірі – А.С.Макаренко. Ол тәрбие процесінің төмендегідей ерекшеліктерін ашып көрсетті: тәрбиенің іс-әрекеттік сипатта болуы; тәрбиенің дамуы мен өзгеруі; қарама-қайшылықты сипаты;басқарылуы.
«Тәрбие» ұғымы тамақтану сөзінен шыққан. Алғашқыда ананың баласын тамақтандыру мағынасында түсіндірілсе, кейіннен қоғамның дамуына байланысты баланың рухани тәрбиесі ретінде қарастырыла басталды.
Тәрбиенің мұратқа жетудегі мақсаты - үйлесімді (жан-жақты)
дамыған тұлғаны қалыптастыру, құзырлы маман тәрбиелеу. Мақсат - іс-әрекет нәтижесін күні бұрын идеалды ой-тұжырым арқылы бол- жау.
Тәрбиенің мазмұны - адамгершілік, азаматтық, ақыл-ой, дене, сңбек (кәсіби), эстетикалық тәрбие.
Тәрбие процесінің құрылымы мақсатқа жету, көпфакторлық, ұзақтық (мақсаттан алшақтық), үздіксіздік, кешендік (тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны, тұрі мен әдістерінің бірлігі; сонымен қатар кешендегі қасиеттерді қалыптастыру) болып табылады.
Жоғары оқу орындарында тәрбие жүйесінің элементтері: іс- әрекет, қарым-қатынас, таным, педагогикалық микроахуал, студенттер тобының микроахуалы.
Тәрбие - жеке тұпғаны мақсатты қалыптастыру процесі, бұл процесте тұқым қуалаушылық бейімділік пен микро-ортаның озгерістері жонге келтіріледі. Барлық балалар тәрбиелік-білім беру мекемелерінен өтеді. Ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты қызмет-әрекетін жемісті ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады.
Тәрбие - жеке тұлғаның тәрбиелілігі нәтижесінің белгілі бір эталонының болуын талап етеді. Тәрбие мен білім беру - адамның қоғамдық қажетті білім, білік, дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қарулануын. Оның қоғам өмірі мен еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы пормалар мен мінез-құлық ережелерін сақтауын, адамдармен қарым-катынасын, оның әлеуметтік институттармен ара қатынасын қарастырады. Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыратын, оның бейімділігі мен қабілеттілігін жетілдіретін шешуші күш.
Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиегс шешуші мэн бере от- ырып, өзара күрделі байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара қатынасының мэнін дұрыс түсіне білу керек.
Жоғары мектептегі тәрбиенің әдістері мен түрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет