К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-138. Кредиттік оқыту технологиясындағы бақылау түрлері



бет116/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Сурет-138. Кредиттік оқыту технологиясындағы бақылау түрлері

Білім беру бағдарламаларының мазмұны тиісті мемлекеттік жалпыға


міндетті білім беру стандарттарымен белгіленеді және оқу жоспарлары мен бағдарламалары арқылы іске асырылады.
Оқу жоспарларының барлық нысандарында әрбір оқу пәніне әріптік және сандық белгілердегі тиісті кодты беруді қарастыратын пәндерін кодтаудың бірыңғай жүйесі пайдаланылады.
Білім беру ұйымы оқу үдерісін ақпараттық көздермен толық
көлемде қамтамасыз етеді: оқулықтар, оқу құралдары, оқу пәндері бойынша
әдістемелік құралдар және әзірленімдер, көп таратылатын материалдар және
өзіндік жұмыстар жөніндегі нұсқаулықтар, электронды оқулықтар, желілік білім ресурстарына қолжетімдік. Әрбір білім алушы оқудың барлық кезеңінде анықтамалық- жолсілтегіштермен қамтамасыз етіледі.
Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін
ұйымдастырудың негізгі міндеттері мен ерекшеліктері 139,140- суреттерде ашылды.





Сурет-139. Кредиттік оқыту технологиясының негізгі міндеттері

Бір оқу жылының шеңберіндегі оқу үдерісін ұйымдастыру білім


беру ұйымының басшысы бекітетін, академиялық күнтізбе ғылыми
кеңестің шешімі негізінде іске асырылады. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, демалыстардан және практикалардан тұрады. Академиялық кезең нысанына байланысты ұзақтығы семестр үшін 15 апта, триместр үшін 10 апта және тоқсандық үшін 8 апта. Аралық аттесттау кезеңінің ұзақтығы кемінде 1 апта. Білім алушыларға әр бір академиялық кезеңнен каникулдар беріледі, оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығы 7 аптадан кем болмауы керек.
Бітірушілер курсын есепке алмағанда ұзақтығы 6 аптаны құрайтын
қосымша оқыту қажеттіліктерін қанағаттандыру, академиялық қарызды
немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою, өзге ЖОО-лармен
келісе отырып оқу пәндерін оқу және білім алушылардың өз ЖОО-сында міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып несиелерді игеру үшін жазғы семестрді енгізуге жол беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет