Сурет-140. Кредиттік оқыту технологиясының ерекшеліктері
Профессорлық-оқутышылық құрамының оқу жүктемесін
жоспарлау дәрісханалық оқу сабақтарын кесте бойынша немесе оқу
жұмысының басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша
оқытушының білім алушылармен байланыс жұмысының уақытын білдіретін
академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.
Оқу сабақтары басым түрде белсенді шығармашылық нысандарда
жүргізіледі (кейс-стади, іскерлік ойындар, тренингтер, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар).
Кредиттік технологияны оқыту кезінде оқу сабақтарының кестесін,
оқу пәнін оқытушы құрайды, жеке бiлiм беру траекториясын қамтамасыз
етуде және оқытушыларды таңдауды мақсаттардағы қорытынды жасайды.
Оқытылатын пәндерді және оқытушыларды таңдауды қамтамасыз
ету мақсатында кредиттік технологиямен оқитындардың оқу сабақтарының
кестесі оқу пәндері мен оқытушылар шамасына қарап құрастырылады.
Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) ЖОО-да жүзеге асырылатын мамандықтар бойынша қосымша кәсіптік білім беру және негізгі білім беру бағдарламасының бөлігі болып табылатын, білімалушылардың пән мазмұнын сапалы меңгеруін қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік материалдардың толықтай жеткілікті кешені.
ОӘК оқытушылар құрамымен Мемлекеттік білім беру стандартының, мамандықтың оқу пәнінің оқу жоспарының талаптарын басшылыққа ала отырып әзірленеді.
ОӘК құрудың негізгі мақсаты – студентке пәнді өз бетінше оқуға арналған оқу-әдістемелік материалдардың толық жиынтығын ұсыну. Бұл ретте оқытушының міндеттері кеңесшілік қызметтер көрсету, білімді ағымдағы және қорытынды бағалау болып табылады.
ОӘК-де ұсынылған оқыту құралдарының жүйелік кешені кәсіби маңызды құзыреттерді қалыптастыру; студенттердің алған білім мөлшерін көбейтіп қана қоймай, оларды тәуелсіз іздеу, талдау, сыни бағалау; студенттердің кәсіби маңызды құзыреттерді шығармашылық белсенді дербес меңгеруі; студенттерді бәсекелестік орта мен ақпараттық қоғам жағдайында жұмыс істеуге дайындау үшін өзекті білім беру нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Оқу-әдістемелік блок пәнді оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдарды, пән мазмұнының теориялық бөлігін (оқу құралы, дәрістер курсы), практикум/зертханалық практикум, анықтамалық (глоссарий), тренинг пен бақылау жүйесін қамтиды.
Ресурстық-сүйемелдеу блогы-оқыту процесін оңтайландыруға мүмкіндік беретін әдістемелік материалдар мен оқыту құралдарының кең спектрін қамтиды.
Бағдарламалық жоспарлау блогы оқу пәнінің федералды мемлекеттік білім беру стандартынан, мамандық бойынша оқу жоспарынан, оқу пәнінің жұмыс бағдарламасынан, кәсіби модульден, жұмыс оқу жоспарынан, оқу процесінің кестесінен тұрады.
Оқу-әдістемелік жұмыс – бұл білім алушылардың тәрбие және даму мақсатына жету үшін оқыту процесін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік және оқу-материалдық нысандарымен қамтамасыз ету бойынша білім ұйымының қызметі.
ОӘК қойылатын талаптар: қолжетімділік; проблемалық; көрнекілік; оқытудың саналығын қамтамасыз ету; оқытудың жүйелілігі; білімді меңгерудің беріктігі; бірлігі (141- сурет).