Сурет-151. Тәрбие ұстанымдары
Тәрбие процесінің қорытынды нәтижесі бүгінгі өмір талабына сай болуы-тәрбие жұмысының төртінші заңдылығы.
Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігін-тәрбие процесінің бесінші заңдылығы.
Біршама уақыт педагогика ғылымында тәрбие заңдылықтары тәрбие процесі күрделі болғандықтан, арнайы анықталмады. Екіншіден, қазіргі кезде педагогикадағы оқу процесінің заңдылықтарын тәрбие заңдылықтары ретінде айқындауға болады; ал олардың негізінде жоғары оқу орындарындағы тәрбие ұстанымдарын анықтауға болады.
Жоғары оқу орындарында тәрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдары:
педагогикалық талап қою, қоғамдық пікір, мысал келтіру, тапсырма беру, жаттығу, мадақтау, жазалау, т.б.
Тәрбие түрлері - тәрбие процесін ұйымдастырудың ішкі түрі іспеттес - оқытушы мен студенттің өзара әсері. Олар:
жалпы - тақырыптық кештер, спорттық сайыстар;
топтық - үйірмелер, секциялар, студенттер;
жеке - әңгімелесу, дара сабақтар.
Жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысымен тәлімгер шұғылданады.
Оқыту мен тәрбиенің өзара байланысы.
Л.И.Уманский топты ұжым ретінде қалыптастырудың мынадай топтық даму сатыларынан өтетіндіктерін экспериментальды дәлелдеп берді (30-кесте, 152-сурет).
Сурет-152 Топты ұжым ретінде сатылап дамыту
Кесте 30-Топ түрлері
№
|
Топ
|
Сипаттама
|
1
|
Конгломерат тобы
|
Бірге жиналған бірін-бірі жақсы біле бермейтін адамдардың тобы. Конгломерат топтарының дамуы жағымды бағытта (топ = ұжым) қалай өтсе, жағымсыз бағытта да (топ = қарсы ұжым) солай өтеді. Әрине, топ мүшелері әрі жағымды, әрі жағымсыз аймақта бола алады.
|
2
|
Номиналды топ
|
Формалды беделге, мақсатқа, іс-әрекеттердің мазмұнына ие адамдардың тобы.
|
3
|
Ассоциация тобы
|
Берілген әрекеттің мақсат пен шарттарды қабылдаушы, тұлғааралық қарым-қатынас жүйесін құрушы мүшелерден тұратын топ. Осындай топтардың пайда болуы ұжым құрудан басталады
|
4
|
Кооперация тобы
|
Бекітілген ұйымдастыру құрылымына ие топ. Олардың мүшелерін іскер қарым-қатынас қана байланыстырады нақты мақсаты-эмоционалды-адамгершіліктұлғааралыққарым- қатынасты жүзеге асыратын озара әсердің топтық мағынасында. Мұнда тек нәтижеге жетуді қамтамасыз ету ғана маңызды.
|
5
|
Автономия (жеке) тобы
|
Ішкі бірлігі, топтық біртұтастық, «Біз» бейнесін қабылдау мен «Олардан» (басқа топтан) белгілі бір қашықтықта болатын топ. Жеке топ - ұжымға өту үшін қалыптасқан негіз. Оның 2 даму жолы бар: топ - ұжым немесе топ - кооперация.
|
6
|
Ұжым
|
Топтың даму мақсаты мен жоғары түрі. Бұл ортақ мақсатта, кәсіби және әлеуметтік қызығушылықпен, құндылық бағдармен, ортақ әрскет және қарым- қатынас, өзара жауапкершілікпен біріккен адамдардың ұйымдасқан тобы.
Жеке топтан кооперация тобына өту, тек гиперавтономизация жағдайында ғана мүмкін. Яғни, еркін пікірін білдіре алмауға, өзін басқаларға қарсы қойып, өзінің мақсатын қандай жолмен болса да жүзеге асыруға талпынады. Кооперация тобы (қарама-қайшы ұжым) топтық өзімшілдік, өзін-өзі жырақта ұстау, өзінің қызығушылықтарын басқалар арқылы ерекшелінетін топ.
|
7
|
Қарама-қайшы ұжым
|
Ұжымның кейбір себеп-салдары тиесілі топ (жалпы мақсат, біріккен әрекет, ұйымдасқан құрылымы, т.б.), дегенмен кейбіреуі топтық антипатия, конформизммен ерекшелінеді
|
Достарыңызбен бөлісу: |