К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет129/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   171
Өзін-өзі дамыту – өзін-өзі өзгерту мен шығармашылық идеяларды іздеуге мақсатты бағытталған саналы түрде мотивацияланған процесс

Тәрбие, оқыту мен білім беруді біріктіруші бастама оқу, тәрбие мен тұлғаны дамытудың бңрлңгңн бейнелеуші педагогикалық процесс болып табылады. Педагогикалық процесс – білім, білік және практикалық дағдыларды игеру, тұлғаның моралды-психологиялық, дене қасиеттерін дамыту мақсатында педагогтар мен тәрбиеленушілердің арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттері. Оның негізінде тәрбиешенің өзіндік белсенділіктерін, педагогикалық өзара әсерлесу және белсенді қабылдау бірлігі ретінде педагогикалық әсер ету жатыр. Нәтижесінде олардың тәртібінен, әрекеті және қарым-қатынасынан өзгерістер көрінеді.


Педагогика ғылымы адам туралы ғылымдардың барлығымен (философия, анатомия, физиология, психология, биология, кибернетика, т.б.) тығыз байланысты болғандықтан пәнаралық түсініктер кеңінен қолданылады – тұлға, іс-әрекет, даму, қалыптастыру, қарым-қатынас, т.б.
Өзін-өзі дамытудың негізгі сипаттамалары болып табылатындар:

  • тұлғаның әртүрлі бағыттағы процестері: психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, физиологиялық, философиялық және т.б.

  • бұл процестердің өзегі – жасаушылық мәні болатындығы болып табылады;

  • тұлғаның барлық аймағын қамтитын қарама-қайшылықтарды шешетін сандық және сапалық параметрлері болады;

  • өзін-өзі дамыту тұлғаның өзіне-өзінің белсенді іс-әрекеті нәтижесінде жүреді.

Өзін-өзі дамыту – өзін-өзі өзгерту мен шығармашылық идеяларды іздеуге мақсатты бағытталған саналы түрде мотивацияланған процесс. Өзін-өзі дамытудан дамытудың ерекшелігі – ол кездейсоқ жүреді және ішкі қарама-қайшылықтарды шешу нәтижесінде тұлғалық сапалардың өзгерісі байқалады.
Өзін-өзі дамытудың барлық сатысы: өзін-өзі тану, шығармашылық пен өзін-өзі анықтау, шығармашылықпен өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі басқару бір-бірімен тығыз байланысты және біртұтас күрделі жүйені құрайды.
Ғалым В.И.Андреев тұлғаның өзін-өзі басқаруына қатысты 9 мағыналы қабілеттерді ажыратады: өзін-өзі тану қабілеті, өзін-өзі анықтау қабілеті, өзін-өзі ұйымдастыру қабілеті, өзін-өзі белсендіру қабілеті, өзін-өзі сендіре алу қабілеті, өз бетінше іс-әрекет жасай алу қабілеті, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі жетілдіру.
Өзін-өзі жетілдіру – бұл мотивацияланған, дербес процесс және өзін-өзі тану, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі анықтау, өзін-өзі басқару процестерімен тығыз байланысты. Оның негізіне тұлғаның өзін-өзі өзгерту, өзін-өзі жетілдіру мақсат бағыттылығын түсінуі жатады.
Өзін-өзі жетілдірудің қажетті шарттары – басты мәселені қоя алу және басым бағыттағы бірінші мәселені ұтымды шеше алу. Осыған сәйкес уақыт талабына сай келетін мәселені таба алу керек, сондай-ақ, оның басым бағыттарын дұрыс анықтау қажет. Бұл үшін тәрбиешіге өзінің ішкі әлеуетін толық жетілдіруге мүмкіндік беретін мақсатты дұрыс анықтап алу қажеттілігі туады.
Тәрбиешінің кәсіби өзін-өзі дамыту мотивациясына психологиялық талдау инновациялық іс-әрекетке талдау жасаудан бастау алады. Тәрбиешінің кәсіби өзін-өзі дамытуын ояту негізінде тәрбиешінің қажеттілігі, қызығушылығы, әртүрлі бағыттағы танымдық өзгеріс сапалары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет