К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Студенттердің оқу ортасына бейімделуі



бет127/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Студенттердің оқу ортасына бейімделуі
XXI ғасырға лайық, жан-жақты жетілген, білімді, дарынды, тәрбиелі, ертеңгі қоғам иесі жоғары оқу орындарында білім алып тәрбиеленетіндігі даусыз. Сондықтан, бүгінгі студентке, ертеңгі ма- ман ретінде қарайтынымыз даусыз.
«Студент» деген сөздің өзі, латын сөзінен шыққан. Сонымен «студент» дегеніміз- талмай еңбек ететін, дайындалатын, іздене- тін білімді адам және кәсіптік еңбекке дайын арнайы әлеуметтік категориялардағы адамдардың өкілі. Сондай-ақ, ол зиялылар қатарын толықтыратын маңызды элеуметтік топқа жатады. Олардың өміріндегі басты бағыт - оқу, іздену интеллектін дамыту, рухани өнегелі, дене бітімі жэне эстетикалық жағынан өсуі, кәсіпті меңгерту.
Қазіргі ксздегі студенттердің жоғары оқу орындарындағы орта жас мөлшерлері 17-23 аралығында. Жоғары оқу орындарындағы оқу барысындағы көптеген сұрақтарды шешуге мынадай аз өмірлік тәжірибе қиындық гуғызады. Тіпті орта мектепті жақсы бітіріп келген эрбір талапкер жоғары оқу орындарында жақсы оқуы, жиі кездесерлік жайт. Бұл үшін әрбір студент психологиялық жағынан өсуі қажет, белсенділік танытып, өзіндік жұмысқа саналы түрде дайын болуы керек.
Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы, белгілі эрекетпен айналысуына байланысты. Адам өмір сұру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Әрекет - түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Әл-Фараби: «Әрекетіміз дұрыс болуы үшін біздің соған баратын жолымыз қандай болуы керек екенін ... анықтап алуға тиіспіз» деп бекер айтпаған. Демек, адамның іс-әрекеті - күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың жэне эрекеттердің жүйесі кіреді. «Іс-әрекет» ұғымынан «әрекет» ұғымын ажырата білу керек.
Адам іс-әрекетінің қашанда қоғамдық-әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы, мақсаттылығы, жосгіарлылығы, жүйелілігі оның ең басты белгісі болса, алдатұрған міндетті шешу, ойлаған істен бір нәтиже шығару, оның екінші бір басты белгісі. Адамның сана-сезімі өскен сайын, оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын есте ұстауымыз қажет. Өйткені, адам әрекеті сан-алуан. Олардың барлығына тән ортақ қасиет: белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы мен жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінегіндігінде.
Сонымен қатар, ортақ мақсат үшін біріккен және белгілі бір қоғамдық міндетті атқаратын әрекеттер жиынтығы - іс-әрекет деп аталады. Іс-әрекет - әлеуметтік категория.
Ал, студенттің іс-әрекеті - өзіндік мақсаты және міндетімен, сыртқы және ішкі жағдайлардың мазмұнымсн, құрылымының күрделілігімен, психикалық процестердің өтуі ерекшеліктерімен, мотивацияның пайда болуымен, ұжымдық, тұлғалықжағдайларымеи және басқару, ұйымдастыру әрекеттері жағынан өзгеше болып келеді.
Студент іс-әрекетінің психологиялық мазмұны мен құрылымы- ның өзіндік айырықша ерекшелігі бар. Жоғары мектеп психологиясының маңызды бір міндеті. Студент іс-әректі үлкен әлеуметтік мағынаға ие, оның басты бағыты - халық шаруашылығы- ның аса маңызды салаларында қоғамға қажстті жоғары білімді ма- мандар даярлау, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру.
Студент іс-әрекетіндегі басты бағыт - оқу, ізденіп оқу, тәрбие мақсатында ұйымдастырылған әртүрлі іс-шараларға ат салысу, қоғамдық ғылыми іс-шараларға қатысу.
Студент іс-әрекетінің ерекшеліктері:
1)мақсаттың және нәтиженің өзгешелігі (өзіндік еңбекке даяр- лау, білім, дағды, іскерлікті меңгеру, жеке тұлғалық қасиеттердің дамуы);
2) оқу нысанындағы ерекше өзгешіліктер (ғылыми білім, болашақ еңбек туралы, т.б. мәліметтер);
3)студенттік іс-әрекеті арнайы ұйымдастырылған жағдайда жүзеге асады (жоспарлар, оқу мерзімі);

  1. маңызды іс-әрекет құралдары (әдебиеттер, зертханалық құралдар, болашак кәсіби еңбектерінің табиғи үлгілері);

  2. - студент іс-әрекетіндегі артык күш, яғни, киындықтар пай- да болады (емтихан, сынақ тапсыру,бақылау жүмысын орындау, дипломдық жобаларды қорғау), т.б.

  3. Студенттердің оқуы әр курста өзіндік өзгешеліктерімен ерек- шеленеді. Шындығында, орта мектепті оқу жоғары оқу орнындағы оқуға қарағанда ерекшелеу.

  4. Студент іс-әрекетіндегі ерекшелікті бірінші курстан бастап байқауға болады. Оқу материалы, оқытушылар қүрамы өзгереді, ортасы ауысады, оқу орны тұратын мекен-жайы, т.б. өзгереді. Бүл барлық өзгерістер студенттің, психикалық жағдайына әсер етеді.

  5. Студенттік жас (18-25 жас) адам өміріндегі ерекше кезең болып табылады. Себебі, жалпы мәні бойынша 1-ден 25-ке дейінгі жас, балалық даму кезеңдері қатарындағы ақырғыдан гөрі, кемелді жас кезеңдсрінің қатарындағы бастапқы буын болып табылады.

  6. Студент проблемасын ерекше әлеуметтік-психологиялық және жас ерекшелік категориялары ретінде қою еңбегі Б.Г.Ананьсвтің психологиялық мектебінікі. Б.Г.Ананьевтің өзінің Н.В.Кузьминның, Ю.Н.Клютиннің, А.А.Реанның, Е.И.Степанованың зерттеулерінде, соидай-ақ, ГІ.А.Просецкий, Е.М.Никиреев, В.А.Сластенин, В.А.Якунин, т.б. еңбектерінде проблема бойынша бақылаулардың үлкен эмпирикалық материалдары жинақталып, эксперименттер мен теориялық жалпылаудың нәтижелері келтіріледі. Осы көптеген зерттеулердің мәліметтері студентті әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық позициялы оқу іс-әрекетінің срекшс субъектісі ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.

Жоғары мектеп педагогикасының ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Тәрбие ұрпақтан ұрпаққа тарихи және мәдени тәжірибелерді беру процесі. Тәрбиелеу – адамның дамуын тұлғаны, оның көзқарастары, органикалық, ақыл-ой және адамгершілік сапаларды қоғамның сұраныстарына сәйкес қалыптастыру мақсатында бағыттау.
Тәрбие – тарихи түсінік, қоғамның өмір сүруі мен сабақтастығын, өндіруші күштерді дайындау және адамның дамуын қамтамасыз ететін маңызды құрал болып табылады. Онда тәрбиенің дамуы, өзара байланысын басқа қоғамдық құбылыстармен (әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени және т.б.) заңдылықтары бейнеледі ( 31-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет