3. Тәрбиенің мұғалімнің тұлғасына қойылатын талаптарға тәуелділік принципі. Мұғалім оқушы күш-қуатына ерік беретін, орынды әрекеттеріне және қылықтарына тербеліс туғызатын, өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне жауапкершілігін ұғындыратын өзіндік стилі бар қатынастарды таңдап алады.
4. Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі және үздіксіздігі принципі. Тәрбиелік әртүрлі шаралар бір-бірімен сабақтастықта болуы шарт және өткізілген тәрбиелік шаралардың мазмұны жағынан логикалық жалғасы болуы қажет.
Еңбек арқылы тәрбиелеу принципі. Бұл принциптің мақсаты баланы еңбек ете білуге, оны қадірлеп-қастерлеуге, оған деген жағымды көзқарас пен қарым-қатынас қасиеттерін орнықтырудың, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттіліктерінен туындайды.
Оқушы бойындағы орынды рухани нәрсені жобалай біліп, оған сүйеніп, оның сеніміне иек артуымен қатар, мұғалім оқушының өз тәжірибесін дамытумен айналысуға дайындығын іске қоса білу.
Еңбек арқылы тәрбиелеу принципі. Бұл принциптің мақсатыбаланы еңбек ете білуге, оны қадірлеп-қастерлеуге, оған деген жағымды көзқарас пен қарым-қатынас қасиеттерін орнықтырудың, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттіліктерінен туындайды.
Оқушы бойындағы орынды рухани нәрсені жобалай біліп, оған сүйеніп, оның сеніміне иек артуымен қатар, мұғалім оқушының өз тәжірибесін дамытумен айналысуға дайындығын іске қоса білу.
Тәрбие процесінің заңдылығы деп педагогикалық құбылыстар мен процестердің бір-бірімен объективті түрде байланысып жатуымен сипатталынады.
Тәрбие процесінің заңдылығы қоғамдық құбылыс ретінде тәрбие заңдылығы мен жеке тұлғаның даму заңдылығына тән. Әрбір жеке адамның іс-әрекеті мен қызметі және басқа адамдармен қарым-қатынасы, оның әлеуметтік өмірін құрайды. Сол себептен іс-әрекет пен қарым-қатынас- тәрбие процесінің негізі, қоғамдық мәні зор адамгершілік сапаларын қалыптастыратын өзекті тірек.
Тәрбие процесінің мазмұндамасы қоғамдық ортаның объективтік және субъективтік факторларымен тығыз байланыста болатындығы – тәрбие процесі заңдылықтарының бірі болмақ
151-суретте тәрбие ұстанымдары ашылды.