Білім берудегі менеджмент түсінігі, қызметі мен ұстанымдары. «Менеджмент» термині әмбебаптық болып табылатын «басқару» терминімен салыстырғанда арнайы өзіне тән мағыналық маңызға ие. «Менеджмент» ұғымының пайда болуы ХІХ ғасырдан бастау алады, бірақ оның әдіснамалық негіздемесі тек ХХ ғасырдың басында ғана пайда болды. «Менеджмент» латынның «ману», «қол» қол деген сөзінен шыққан.
«Менеджмент» түсінігінің анықтамалары өте көп. Жалпы менеджмент деп «жеңу өнері» ретінде, адамдардың интеллектісін, еңбегін, жүріс-тұрысының уәжін пайдалану арқылы алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады. «Менеджмент» түсінігінің мазмұнын бірнеше аспектілермен қарастыруға болады:
Менеджмент – бұл әртүрлі ұйымдардағы адамдарға жетекші ету қызметінің түрі, функциясы, басқару.
Менеджмент – бұл басқару функциясын жүзеге асыруға көмектесетін адамзат білімінің аймағы.
Менеджмент – басқару бойынша жұмыс жасаушының әлеуметтік тобы.
Менеджмент – басқарудың жаңа моделі, ұйымдастыру әдісі .
Менеджмент – процесс, өзара ынтымақтастықтағы адамдардың алға қойған мақсатқа жету жолында өзінің бар күш- жігерін , білімін бағыттауы.
Менеджмент – қарым қатынас әдісі, манерасы, басқарудың әкімшілік дағдысы.
Менеджмент – бұл адамдардың ынтымақтастығы, адамдардың өзара қарым-қатынас тәсілі, нәтижесі адамның ішкі әлеуетіне бағытталған әкімшілік іскерлікті ерекше формасы.
Менеджмент (ағылшын тілінде – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – өндіріс пен өткізуді басқару құралы мен формасы, қазіргі заманғы қағидалары, тәсілдері және оның тиімділігін арттыру мен пайданы көбейту.
«Менеджмент» ұғымына ғалымдар әртүрлі анықтамалар ұсынады (32-кесте).
Кесте 32- «Менеджмент» ұғымынының мәні