Студенттерді тәрбиелеудің мәні мен мазмұны Тәрбие процесі әртүрлі әрекеттердің (оқу, қоғамдық-саяси, еңбек) негізінде ғана іске асуына байланысты белгілі бір мақсаттар ұстануы қажет. Тәрбие мақсаты қоғамдық дамудың жолымен бірге өсіп - өркендеп отырады.
Тәрбие – бұл толыққанды жан-жақты жүретін күрделі процесс. Адам жеке бөлшектерге бөлініп тәрбиеленбейді толық тұлға ретінде, жүйелі ықпалдардың негізінде тәрбиеленеді.
Студенттік ұжымды дұрыс басқаратын болса студенттік ұжымның әрбір мүшесі объект ғана емес сонымен қатар субъект қызметін де атқарады. Жоғары оқу орынындағы студенттің өзін - өзі тәрбиелеу процесі тұлғаның әлуметтік жеке қасиеттерді қалаптастыруға бағытталған іс - әрекеті. Өзін - өзі тәрбиелеу қажеттілігі өмірлік қажеттілік ретінде тәрбие процесінде тиімді пайдалануға болады.
Студенттердің барлық әрекеттерін кәсіби бағытта жұмылдыру Студенттердің кәсіби қалаптастыру – бұл болашақ мамандарды өз кәсібіне деген дұрыс қатынасы, қызығушылығы, бейімділігін қалыптасырып, өзін кәсіби жетілдіру арқылы рухани, материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға тәрбиелеу.
Студенттің мамандықты таңдаудағы құндылықтары бойынша бірнеше типке бөліп қарастыруымызға болады.
Бірінші тип – өз болашақ кәсібіне оң көзқараспен қарайтын студенттер; олар оқу соңына дейін өз мамандықтары бойынша кәсібін игеріп шығатындар.
Екінші тип – өз мамандықтарын толық танымаған студенттер; олар өз мамандықтары бойынша толық құзыреттіліктері қалыптаспағандар .
Үшінші тип – өз мамандықтарын қаламай оқып жатқан студенттер.
Болашақ маманның өз мамандығына деген оң көзқарасы бірнеше іс - әрекеттердің дамып қалыптасуынан тұратын кәсіби қызығушылықтан басталады.
ЖОО кәсіби қызығушылықты қалыптастыру бұл мамандықтың негізгі мақсаты, міндеті және адамдар үшін тигізетін пайдасы жөінде ақпаратты беріп, сендіре білуден басталады.
Студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуі оның қоғамдық талаптарға сәйкестенуі үшін жасайтын әрекеті болып табылады.
Өзін-өзі тәрбиелеу адамның жеке басын жетілдіруге бағытталған әрекеті. Студенттің өзін-өзі тәрбиелеуі жеке тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерді бойына сіңіруге бағытталған белсенділігі.
Студенттік жылдарда адам өзіне қажетті сапалар жүйесін анықтап негізгі объекті ретінде өзін-өзі тәрбиелеуді алып, кең талғамды жұмыс жасай бастайды. Студенттердің дүниеге деген көзқарасы, саяси танымы, құндылықтары мен ұстанымдары мақсатты түрде өздерінің тәрбиесімен қай бағытта айналысу керектігі жөнінде бағыт бағдар береді.
Өзін - өзі тәрбиелеу түрлі құралдар мен әдістердің негізінде ғана іске асады. Олардың кең тараған түрлеріне өзін - өзі міндеттеу, өзін - өзіне талдау жасау, өз – өзіне есеп беру, өзін - өзі бағалау, бақылау жатады ( 153-сурет).
Студенттік кезеңнің тағы бір ерекшелігі, студенттер бұл кезеңде тек өзін-өзі тәрбиелеумен ғана айналыспайды, сонымен қатар өз бетінше іс-әрекет ете бастайды.
Студенттердің өз мамандықтарына қатысты өзін - өзі тәрбиелеуде толастаған ақпараттар маңызды қызмет атқарады. Осы мақсатта ЖОО-да 1 курста «Мамандыққа кіріспе» пәні жүргізіледі. Бұл курста студенттер болашақ мамандығының қыр-сыры туралы алуан ақпарат алады.
Педагогикалық тұрақты талаптар студенттердің өз- өздерін жетілдіруге бағыттайды.
Бірінші кезектегі педагогтердің міндеті студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуге тұрақты көзқарстарын қалыптастыру.
Өзін- өзі тәрбиелеудің екінші кезеңі практикалық іс - әрекетпен тығыз байланысты болады. Бұл кезеңде студенттерге айналысып жатқан істері жөнінде ғылыми мағұлымат берген тиімді болмақ.
Үшінш кезең студенттердің өз қажеттерін толықтырумен тығыз байланысты. Өзін- өзі тәрбиелеуді белсендіру үшін өзін-өзі міндеттеу, өзін - өзіне есеп беру маңызды.