Сурет- 160. ЖОО білім беруді ұйымдастырушылық құрылымы
Ю.А.Конаржевский сапалы басқарудың 6 бағытын ұсынады:
Сапаның мақсаты мен міндеттерін анықтау.
Мақсатқа жету әдістерін қарастыру.
Педагогикалық кадрларды даярлау, оқыту.
Педагогикалық үдерістің өтуін бақылау.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесін тексеру.
Мүмкін болатын басқарушылық іс-әрекетті көре алуы.
Жоғары оқу орнының ресурстық менеджмент жүйесін профессорлық-оқытушылық құрам, материалдық-техникалық база, оқытушылар мен білімгерлердің интеллектуалдық әлеуеті құрайды.
Профессорлық-оқытушылық құрамы (ПОҚ) төмендегідей көрсеткіштермен анықталынады:
ЖОО-ның материалдық-техникалық базасы төмендегідей көрсеткіштермен анықталады:
жұмыс орны мен оны пайдалану аумағы;
мүлік-жиһаз, аудиторияны жабдықтау;
компьютерлік техника және ақпараттандыру деңгейі;
бір білімгерге келетін оқу-әдістемелік әдебиеттер саны;
Жатақхана, қонақүй, спорт кешендері;
қоғамдық тағаммен қамтамасыз ету.
Интеллектуалдық әлеует (потенциал) төмендегідей көрсеткіштермен анықталынады:
ЖОО-ның ғылыми-зерттеу жұмысының бағыты, көлемі;
диссертациялық кеңес саны;
диссертация қорғау;
магистранттар (аспиранттар) мен докторанттар саны;
монография, оқулықтар шығару;
ғылыми мектеп, ҒЗЖ нәтижесін өндіріске ендіру.
3-суретте білім беру қызметін бағалау көрсеткіштері ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |