К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Материалдық-техникалық база



бет140/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Материалдық-техникалық база білім беру жағдайларын қамтамасыз ететін көрсеткіштермен сипатталады: алып жатқан жердің аумағы (ауданы), жекеменшік формасы, мүлік-жиһаз, компьютер, мультимедиалық сыныптар санымен, аудиторияны безендіруі, мүлікпен қамтамасыз етілуі, кафедра, деканаттарға бөлінген бөлме (ауданы, безендіруі, мүлік-жиһазбен қамтамасыз етілуі), кітапхана қоры, 1 білімгерге шаққандағы кітаптар саны, білімгерлерді, оқытушыларды тұрмыстық-әлеуметтік, ақпараттық қамтамасыз ету. Оқытудың техникалық құралдары (ТОҚ) мен ақпараттандыру деңгейі үлкен рөл атқарады. Оқытудың техникалық құралдарын, интерактивті әдістерді, инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану білімгерлердің оқу-танымдық белсенділіктерін арттырады. Оқу-тәрбие үдерісінде компьютер, мультимедиалық компьютер-проекторлар, интернет желісі, СД-дискілер жүйесі, электрондық сайттарды пайдалану білімгердің өз бетінше жұмыс жасау әрекетін арттырады, білімгерге курсты меңгертудің жеке білім траекториясын таңдауға мүмкіндік береді.
161-суретте ЖОО-ның ресурс менеджметтін бағалау көрсеткіштері ашылды.
Интеллектуалдық әлеует. Батыстық ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, қоғамның интеллектуалдық әлеуеті ұлттық байлықтың 60%-ын құрайды. Интеллектуалдық әлеует ЖОО-ның ғылыми-зерттеу жұмыстары, ғылыми-авторлық мектептер, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін өндіріске ендіру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын әртүрлі қаржыландыру көздерін құрайды. ЖОО-ның интеллектуалдық әлеуеті ғалым-оқытушылардың шығарған монография, оқулық және оқу құралы, диссертациялық кеңес саны, магистранттар (аспиранттар) мен докторанттардың санымен сипатталады.
Студенттер білім беру процесінің басты субъектісі болып табылады, олардың білім деңгейлері мен оқыту сапасы анықталынады. Білімгердің саны, жасы, жынысы, 1 оқытушыға келетін студенттер саны, сабаққа қатысу, үлгерім көрсеткіші, ағымдық және қорытынды аттестациялау нәтижелері, білімгерлердің мәдениет деңгейлері, тәрбиелік деңгейлері, білімгерлердің денсаулық жағдайлары – білімгерлердің әлеуетін анықтайды.
Түлектер «артериалдық жүйе» болып табылады және оқу мекемесінің басқа өндіріс орындарымен байланысын көрсетеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет