К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет136/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Ғалымнының
аты-жөні

Анықтама

1

Ю.А.Конаржевский

Менеджмент – бұл басқару ғана емес, кез келген маманға қажет білімдердің жиынтығы

2

Т.М.Баймолдаев

Менеджмент – бұл адамдардың ынтымақтастығы, өзара қарым-қатынас тәсілі, нәтижесі адамның ішкі әлеуетіне бағытталған әкімшілік іскерліктің ерекше формасы

3

Л.Л.Крившенко

Менеджмент – білім беру процесін басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастырушылық формалары мен технологиялық тәсілдер кешені

4

М.А.Гончаров



Менеджмент – эволюциясын ғылым жəне басқаруға келесі көзқарастардың ауысу динамикасында кəсіби басқару қызметінің ерекше түрі

5


А.Мескон
М. Альберт
Ф. Хедоури

Менеджмент – бұл басқа адамдардың еңбегін, ой өрісін, тəртіп уəждерін қолдана отырып, алға қойылған мақсаттарға жете білу ептілігі

6


Б.Абыкаримұлы
К.С.Ахметкаримова Р.Ш.Абитаева



Менеджмент – өндіріс пен өткізуді басқару құралы мен формасы, қазіргі заманғы қағидалары, тәсілдері және оның тиімділігін арттыру мен пайданы көбейту

Менеджмент іс-әрекеттің сапалы басқаруын талап етеді. Егер басқару оң нәтижесін бере алмаса, ол ешқандай да басқару бола алмайды. Педагогикалық жәй басқарудан менеджменттің айырмашылығы да осында.


Классикалық менеджменттің іргетасын Ф.Тейлор, Г.Черч, А.Файоль, Г.Эмерсон, Г.Форд және т.б. ғалымдардың еңбектері құрайды.
ХХ ғасырда мекемені, ұжымды басқарудың тиімді әдістері іздестіріле бастады. 1991 жылы ғалымдар К.П.Вазина, Ю.Н.Петров, Қ.Д.Белиловскийдің еңбектерінде «педагогикалық менеджмент» термині пайдаланылып, ғылымға енгізілді.
Ғалымдар педагогикалық менеджментті білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен басшыларының кәсіби құзіреттілігі мен іскерлік белсенділіктерін қамтамасыз ететін өзін-өзі дамытуға қажетті жағдайлар жасай отырып, басқару ретінде қарастырады:

  • Педагогикалық іс-әрекетті ұжымның үздіксіз дамуын қамтамасыз ету мақсатында басқару.

  • Әрбір адамның қайталанбас жеке тұлға екендігін ескере отырып, оның өзін-өзі еркін дамыту, шығармашылық қабілеттерінің өсуіне негізделген басқару.

  • Ұжымның әрбір мүшесі үшін жауапкершілікпен шешім қабылдаудың «төменнен жоғарыға» бағытталған басқару.

  • Адамның жаңа қабілеттерін ашатын ішкі әлеуетін толықтай пайдалануға негізделген басқару;

  • Ұжымның іс-әрекетінің жоғары нәтижесіне қол жеткізу;

  • Ұжымның іс-әрекетін ынталандыру.

Егер «менеджмент» ұғымын «басқару» ұғымымен салыстырмалы тұрғыда қарастырсақ, онда екіншісінің мәні кеңірек, себебі, менеджмент басқарудың бірден-бір әдісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет