1. Адамға деген сый – құрмет және оған сенім арту. Бұл принциптің мәнін ашу үшін швед оқушыларымен жүргізген тест нәтижесін айтуға болады. «Мұғалім қандай болу керек?» деген сұраққа төмендегідей жауаптар алынған:
Менің қасымда болып, әрдайым маған қамқор болады.
Мені жақсы көреді, мені өз адамы деп санайды, мені әрқашан қорғап алады.
Менің не оқып жатқанымды емес, қалай оқып жатқанымды ұдайы біліп отырады.
Қобалжу мен қорқуды еш болдырмайды.
Әр түрлі іс-әрекет түрлерін ұсынады.
Мен бәрін түсінетіндей сөйлейді.
Егер өзі қателессе, оны мойындаудан қашпайды (ұялмайды).
Әр түрлі құбылысқа, жағдайға өзінің сезімі мен реакциясын білдіреді.
Өз іс - әрекетімді, өз көзқарасымды өзім бағалауды қалайды.
2. Адамға жеке тұлға ретінде біртұтастықта қарау принципі.Алты жасар бала мектепке алғаш бірінші сыныпқа келгенде, мұғалімге ол бірінші кезекте кішкентай адам, жеке тұлға болуы керек, одан кейін оқушы болады. Сол сияқты оқытушы жоғары мектеп басшысы үшін бірінші кезекте өзінің жеке дара қасиеттерімен ерекшеленетін адам, жеке тұлға болуы керек, ал содан кейін ғана оқытушы болады. Тұлғаға көзқарас тұтастыққа болуы шарт.
3. Ынтымақтастық принципі – монологты басқарудан диалогты басқаруға көшуді көздейді, яғни ақпаратты дайын күйінде беруден гөрі өзара түсінушілік қарым – қатынас жасауға көшу.
4.Әлеуметтік әділдік принципі. Әрбір оқытушы өзін басқа оқытушымен бірдей сезінуі тиіс және оның әкімшілікпен өзара байланысы басқару құралы емес мақсатына сәйкес құрылуы қажет.
5. Оқытушының (білімгердің) дербес ерекшеліктерін ескеру принципі: жоғары мектеп басшысы әрбір оқытушының (білімгердің) дербес, дара ерекшеліктерін ескеруі қажет (білімі, дайындық дәрежесі, әлеуметтік жағдайы және т.б.). Қолынан келмейтін, жасай алмайтын нәрсені оқытушыдан (білімгерден) талап етуге болмайды.