әл-Фараби
1-жүргізуші:
Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.
М.Жұмабаев
2-жүргізуші:
Дүниенің ең тамаша туындысы - өнегелі тәрбие алып шыққан адам.
Эпиктет
1-жүргізуші:
Шын мәніндегі тәрбие адамның тәнін де, жаным да жақсы, керемет ғажайып етіп шығаруға тиіс.
2-жүргізуші:
Платон
Нағыз тәрбие ережелерден емес, жаттықтырулардан тұрады.
Жан Жак Русс
1-жүргізуші:
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,
ғылым, ар,мінез деген нәрселермен озады.
Абай
2-жүргізуші:
Бұл әлемде ең бастысы- біздің қай жерде тұрғанымыз
емес, қандай бағытта жылжып барамыз- міне, сонда.
Холмз
1-жүргізуші:
Қазақ деген халықтың баласымын
Алда талай алынар бар асуым.
Арман жолы- жүрегім-бақыт жолы,
Мүмкін емес сол жолда адасуым,
Қазақ деген халықтың баласымын.
Т. Молдағалиев
Сонымен «Ұлы Даланың ұлағаты: жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер ететін факторлар» атты республикалық педагогикалық телекөпір мәресіне жетті.
Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Қосымша-3
« ЖОО-ДА ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА КУРАТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТРЕНД СЦЕНАРИЙІ
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті профессор-оқытушылар, қадірменді қонақтар, ЖОО – кураторлары!
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік Университеті ұйымдастырып отырған
«ЖОО-да қашықтан оқыту жағдайында куратордың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері» ОНЛАЙН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТРЕНДке қатысуға шақырамыз.
«ЖОО-да қашықтан оқыту жағдайында куратордың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері» тәлім-1 онлайн педагогикалық трендті салтанатты ашу үшін құттықтау сөз М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Білім берудегі менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Бұзаубақова Клара Жайдарбекқызына беріледі.
МОДЕРАТОР:
XXI ғасырда ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгеймен анықталады. Білім мемлекеттің интеллектуалдық және рухани ресурстарының сарқылмас бұлағы ретінде адамзат капиталының сапасын арттыруда басты фактор болып саналады. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері зәулім ғимараттармен емес, ең алдымен білім деңгейімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |