К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет156/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   171
13. Жаңару мен даму принципі. ЖОО-на шағын немесе күрделі өзгерістер енгізу үшін де оған ұжымды біртіндеп дайындау қажеттілігін ұсынады. Алғаш теориялық жағынан дайындау (жоспарын құру) одан кейін әдістемелік жақтарын ашу, содан кейін ғана тәжірибеде сынау. Жақсы менеджер әрбір оқытушыдан жаңаны білуге, үйренуге деген құлшынысын тудырады (175-сурет).



Сурет-175. Менеджмент негізінде басқару принциптері
Басқару принципі – қойылған мақсатқа жету үшін басшылыққа алынатын негізгі ереже қағида.
Оқытушыға жеке тұрғыдан қарау принципі – оқытушыны жеке тұлға ретінде қарау:
1) Оқытушыға ешқашан дауыс көтермеу, олардың ар-намысына тимеу. Оқытушылармен ұдайы іскер, ілтипатты қарым-қатынасты ұстау.
2) Жұмыс күні біткенге дейін оқытушыға ешқандай ескертулер жасамау, әсіресе сабақ барысында.
3) Сабаққа қатысқанда оқытушының жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне әділ баға беру.
4) Сабақты талдағанда ұдайы сабақтың жетістігінен, оқытушының қол жеткен табыстарынан бастаған жөн.
5) Ең алдымен, оқытушының жетістігін айтып, соңында жіберген кемшіліктерді көрсеткен жөн.
6) Сабақты талдағанда, оқытушының жұмысына баға бергенде оқытушының жеке басының ерекшеліктерін (мінез-құлқын, қабілеттерін) ескеру.
7) Сіздің айтар сөзіңіздің оқытушы жүрегіне қалай әсер ететінін алдын-ала болжай алу.
8) Оқытушының көңіл- күйіне, денсаулығына зиян келтірмейтіндей сөз жолдарын, әдіс-тәсіл, амалдарын іздестіру.
9) Оқытушыны толық, сөзінің соңына дейін тыңдап алуға тырыс.
10) Қандай жағдайда да сабырлылық, төзімділік сақтаған жөн.
11) Өзінің жеке басының үлгісі арқылы оқытушыны жауапкершілікке, іскерлікке үйрет.
12) Берген сөзіңде тұр, уәдеңді орында, әділ бол.
Тұлғаны ынталандыру принципі. Оқытушының, білімгердің әрбір іс-әрекетін ынталандыру қажет. Себебі оқытушыға әрі материалдық, әрі моральдық жағынан ынталандыру ауадай қажет. Оқытушы өз еңбегінің әділ бағалауын көргенде оның жұмысқа деген көзқарасы, ынтасы, талпынысы артады. Оқытушы жұмысты ерекше ыждаһатпен істейді,табысты еңбек етуге тырысады. Оқытушыны ынталандыру принципі – сапаға жетудің бірден –бір құралы.
Білім беру қызметінің бағыт-бағдарын ашуымыз үшін «білім сапасы», «оқыту сапасы» ұғымдарының мәнін ашуымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет