1-жүргізуші: Кезінде қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайреткері Міржақып Дулатов «... Жылқы біткен дүлдүл болмайды, құс біткен бұлбұл болмайды, адам баласы да солай. Жұрттың бәрі шешен, әнбоз, ақын, данышпан болып туа бермейді. «Күйсіз көңіл жүгірмейді» деген бар. Дүлдүлге де күй керек, бұлбұлға да жайлы орын, көңілді бақша керек. Адам баласы бәрінен де артық күй таңдайды. Тумысында зеректік болса да, ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді» деген болатын.
2-жүргізуші: Қазақ деген халықтың баласымын
Алда талай алынар бар асуым.
Арман жолы- жүрегім-бақыт жолы,
Мүмкін емес сол жолда адасуым,
Қазақ деген халықтың баласымын.
Т. Молдағалиев
1-жүргізуші: Адамдық борышың
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз,
Өнерсіз
Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба,
Мансаптың тағы үшін,
Нәапсіңе билетпе,
Басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарт қыл өлгеніңше.
Жоба тап,
Жол көрсет
Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайрылып,
Қауымға келмейсің,
Барыңды,
Нәріңді,
Тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңда іс қалдырсаң,
Шын бақыт – осыны ұқ.
Шәкәрім Құдайбердиев
2-жүргізуші: «ЖОО-да қашықтан оқыту жағдайында куратордың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері» педагогикалық тренд жұмысын сәтті аяқтады. Ой-пікірлеріңізбен бөлісіп, белсенді атсалысқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Келесі кездескенше сау-саламатты болыңыздар!