К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Педагогикалық трендтің мақсаты -



бет167/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Педагогикалық трендтің мақсаты - қашықтан оқыту жағдайында ЖОО тәрбие жұмысының жаңаша мазмұнын айқындап ашып көрсету.
Төл тарихымызды білетін, бағалайтын, мақтан ететін, ұлы даланың даналарын ұлықтай алатын, ұлы даланың ұлы өркениеттерін сақтай алатын, ұлы даланың ұлы мәдениетімен сусындаған, ұлы даланың ұлағаттарын бойына сіңірген, әдептен озбай ар тазалығын жоғары ұстайтын биязы, өнегелі қыз бен ата-бабамыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған жерін, елін сүйетін, Отанға қорған болатын елжанды, ер жүректі ұлт тәрбиелеудің басым бағыттарын айқындау.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру.
Адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алады.
Мен халқымыздың әлем үлгі тұтарлық жақсы қасиеттерінің көбірек болғанын қалаймын.
Ұлтымыз жаңа сапаға көшуі үшін біз­дің күнделікті өмірлік ұстанымдарымыз да өзгеруі керек» деп атап көрсетті.
Енді Қазақстандағы жаңа іс-әрекет оқытушының алдына ЖОО-дағы тәрбие жұмысының сапасын арттыруды міндеттейді.
Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауына құлақ түрейік (видео. Жолдаудан үзінді)
Қазақ қоғамында жаңа қағидаттар жә­не жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Бі­­лім­ді болуға оқу керек. Бай болуға кә­сіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы ке­рек­тердің жолында жұмыс істеу керек» дейді.
Бізге керегі – адалдық, ұқып­тылық, тиянақтылық. Бәріміз нағыз қа­­­зақты дәл осындай кейіпте көргіміз ке­­ле­ді. Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мем­­ле­­кет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз.
Қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағи­даттарын орнықтыру. Сондай-ақ ұлт сапа­сын арттыруға атсалысу» деп атап өткені белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет