А.С.Макаренко 1-жүргізуші: Бастауыш сынып оқушысы «Жас кезінде берген тәрбие жас шыбықты игендей»
Ы.Алтынсарин 2-жүргізуші: Жеткіншектік жас «Ұлым саған айтайын өсиетін дананың:
Білімдіні таны да, соңынан ер, қарағым.»
М. Қашқари 1-жүргізуші: Жасөспірімдік шақ «Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын!»
А.Байтұрсынов «Адамның адамшылығы жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбыдан болады».
Абай Адамның жақсы өмір сүруіне 3 сапа негіз бола алады, олар барлығынан үстем болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді.
Шәкерім
«Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды» Абай Енді ашық микрофонға кезек берейік.
АШЫҚ МИКРОФОН Өз заманында Спандияр Көбеев «Ұстаз қандай болу керек?»деп сұрақ қойып, өзі жауабын беріп кеткен еді. Соған тоқталайық:
Мұғалім теорияны жақсы меңгерген, ұдайы оқып, өзінің идеялық-саяси білім, мәдениет дәрежесін жоғары көтеруші адам болуы керек.
Өзінің педагогикалық мамандығын жақсы көретін, осы мамандықтың жетіле беру жолында арымай-талмай еңбек етіп, ұдайы ізденіп, педагогика ғылымын тереңдей зерттеп отыратын адам болуы қажет.
Өзі сабақ беретін пәнді толық меңгерген, сонымен бірге ғылымның әр саласынан көп хабары бар, жан-жақты біліммен қаруланған, іскер болуы қажет.
Мұғалім өзінің әрбір оқушысының ерекшелігі мен зейінін жақсы білетін, балаларды, өз оқушыларын жақсы көретін, оқыту әдісін жетік білетін шебер болуы қажет.
Өз оқушыларымен тығыз байланыста, олармен дос, олардың қойған тілектеріне көңіл қойғыш, сұрауларына түсінікті жауап бере алатын, мұң-мұқтажына ұдайы көңіл бөліп отыратын қамқор болуға тиіс.
«…Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі»
2-жүргізуші: Ұстаз … жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын … алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі …, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ …, жұрттың бәріне … жақсылық пен ізгілік көрсетіп …қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.