К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


-ТАРАУ. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ



бет57/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

3-ТАРАУ. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
3.1 Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері мен түрлері


«Оқыту әдісі» түсінігі. Жоғары мектептегі оқыту әдісінің атқаратын қызметтері. Оқыту әдістерінің жіктемесі. Әдіс (гректің mеtоdоs) деген сөзінен алынған, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын зерттеу немесе таным жолы, құбылыстарды оқып білу жолдарын, әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл. Философия әдісті белгілі түрде іс-әрекетті ретке келтіретін, мақсатқа жету тәсілі ретінде қарастырады.
Біреулері оны «танымды басқаға беру әдісі» (Д.И.Тихомиров) немесе оқытушынің іс-әрекеті мен әдіс-тәсілі (Н.В.Ельницкий) деп қарастырса, С.А.Ананьев оқыту әдісін «білім беру тәсілдерінің үйлестіру жиынтығы» деп көрсетеді.
Оқу-танымдық іс-әрекетіне сәйкес оқыту әдісі құбылыстың мәнін танып білудегі әдіс-тәсілі ретінде қарастырады. Оқыту әдісі – бұл студент мен оқытушы арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі.
Оқыту әдістері – тарихи категория, олар білім беру мазмұны мен мақсатының ауысуына байланысты өзгереді. Америкалық педагог К.Керр оқыту әдіс сапасындағы төрт «төңкерісті» бөліп көрсетеді (1972). Біріншісі – үлгі болып табылады оқытушы – ата-аналар кәсіби оқытушыдерге орын берді; екіншісі – ауызша сөздерді жазбашаға ауыстырды; үшіншісі оқуға баспа сөздерін кіргізді; төртіншісі – осы кезде болып жатқан автоматтандыру мен компьютерлендіру оқыту процесіне енгізуді болжады.
Оқыту әдісінің маңызды белгісі – дидактикалық мүмкіндіктер. Егер осы тәсілмен жоқ дегенде бір дидактикалық мәселені шешетін болсақ, мұның өзі оқыту әдістемесі. Егер іс-әрекет әдісі қосымша болатын болса, онда біз тәсілмен жұмыс істейміз. Оқыту тәсілі - әдіс элементі, оның құрама бөлігі, әдістің көлемі бойынша кішігірім, құрылымы бойынша жай болатын болса, онда әдісті және әдіс модификациясын орындау жолындағы өзгеше қадам болып табылады. Әдіс пен тәсіл арасында өзара ауыспалық байқалады. Беріліп отырған пәннің мазмұнына қарай әдіс тәсілге, тәсіл әдіске айналуы мүмкін. Барлық графикалық бейнелер пәндері үшін - тәсіл болып табылады (қосымша әрекеттер).
Дидактика тарихы ең алғашқы классификацияны 1920 ж. оқыту әдісінің екі категориясын бөліп көрсеткен Б.В.Всехсвятский атымен байланыстырады. Бірінші категория – дайын білімді беру, екіншісі – зерттеу әдісі екендігін ашып көрсетті. Зерттеу әдісінің атқарар жүгі алғашқы категорияға қарағанда ауырлау болды. Оқытудың зерттеу әдісі білімді шығармашылық тұрғыдан қабылдауды және оны қолдануға педагогикалық классификацияның жоғарғы деңгейін талап етеді.
Бүгінде оқыту процесі көптеген классификациялармен толықтырылды, оқыту әдісі – уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын және негізгі үш белгісімен (оқыту мақсатын білдіреді, меңгеру тәсілі, оқыту субъектісінің өзара байланысы) сипатталатын тарихи категория екендігін дәлелдеді.
Қазіргі кезде мына ғалымдардың классификациялары кеңінен қолданылуда: Ю.К.Бабанский, Н.М.Верзилин, Е.И.Перовский, Е.Я.Голант, Д.О.Лордкипанидзе, М.И.Махмутов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, т.б.
Жоғарғы мектептерде оқытуды ұйымдастырудың әр алуан түрлері бар: дәрістер, практикалық оқулар (просеминар, семинар, арнайы семинар, зертханалық жұмыстар, практикум, өз бетінше жұмыс, студенттердің оқу-зерттеу жұмыстары, өндірістік және педагогикалық практика,т.б.).
Жоғары мектептерде дәрісті ұйымдастыру дәрісханалық және дәрісханадан тыс жолдармен іске асырылады, әрқайсысында студенттермен оқу жұмысын ұйымдастырудың жаппай, топтық және жеке түрлері қолданылады.
Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлік формасы 71-суретте берілді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет