К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-70. Дублиндік дескрипторлар сәйкес оқыту нәтижелері



бет55/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Сурет-70. Дублиндік дескрипторлар сәйкес оқыту нәтижелері


Дескрипторларды пайдаланғанда ECTS жалпы сынақ бірлігінде білім алушы нені білуі керек, нені түсінуі керек, нені жасай алуы керек екендігі айқындалады.
Қысқа циклдегі (бірінші цикл аймағында) жоғары білімнің аяқталғанын айқындайтын біліктілік:

  • жалпы орта білім беру негізінде қалыптасқан үйрену аймағындағы білім мен түйсікті демонстрациялай алуы. Бұл білімдер бірінші циклді аяқтау үшін оқытуды жалғастыру, еңбек іс-әрекеті немесе мамандық, тұлғаның дамуының негізін қалыптастырады ;

  • кәсіби айлақта өзінің білімі мен түсінгенін қолдана алады;

  • нақты айқындалған және абстрактілі мәселелерді сипаттауда алынған мәліметтерді нақтылау және қолдана алу қабілеті;

  • өзінің түсінгенін, білгенін, іс-әрекетін өз деңгейіндегі әріптестеріне, басшыларға, тұтынушыларға бере алуы;

  • автономиялықтың нақты айқындалған дәрежесінде оқытуды ірі қарай жалғастыра алу біліктілігін меңгеруі.

Бірінші сатыдағы жоғары білімнің аяқталғанын айқындайтын біліктілік:

  • жалпы орта білім беру негізінде қалыптасқан үйрену аймағындағы білім мен түйсікті демонстрациялай алуы және үйренетін аймақтағы озық алдыңғы қатарлы біліммен байланысты нақты бағдарларды қамтиды;

  • мамандыққа немесе еңбек іс-әрекетке кәсіби тұрғыдан келетіндей әдіспен өзінің білімін және түсінгенін пайдалана алуы, және үйренетін аймақ аясында мәселені айқындау және шеше алу арқылы көрініс табатын құзыреттіліктері қалыптасқан;

  • әлеуметтік, ғылыми және этикалық сұрақтарды есепке алатын ой-тұжырымдарды ортаға салатындай түйсік тұрғысынан ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыра алуы;

  • автономиялықтың нақты айқындалған дәрежесінде оқытуды ірі қарай жалғастыра алу біліктілігін меңгеруі.

Бірінші сатыдағы оқыту нәтижесі төмендегідей қабілеттермен анықталады:
- білімді демонстрациялай алуы және үйренетін аймақтың негізі мен тарихын түсінуі
- алынған базалық білімді бере алуы;
- жаңа ақпаратты өңдей алуы;
- меңгерілетін аймақтың жалпы құрылымын және оның құрамды бөліктерінің өзара байланысын демонстрациялай алуы;
- сыни талдау әдісін қалыптастыру теориясын және сыни талдау әдісін пайдалануды демонстрациялай алуы
- меңгерілетін аймаққа қатысты әдістерді пайдалана алуы;
- меңгерілетін аймаққа зерттеу сапасын түсінуді демонстрациялай алуы;
- ғылыми теорияны тексеруде пайдаланылатын әртүрлі әдістерді түсінуді демонстрациялай алуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет