К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-68. Стандарттың инвариантты және вариативті бөліктері



бет53/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   171
Сурет-68. Стандарттың инвариантты және вариативті бөліктері

Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартын жасаудағы басты мақсат –жалпы орта білім беретін мектептердің әр сатысындағы оқу процесінің барысында оқушы меңгеруге тиіс білімнің міндетті минимумын белгілеу.


Жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу процесін ұйымдастыруда оқушылардың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттар деңгейіне жетуін қамтамасыз етуі және олардың қабілеті мен өзінің қызығуына қарай, әртүрлі білім бағдарламаларын меңгерулеріне қажетті жағдайлар жасауы керек.
Бұл стандарт Қазақстан Республикасы жалпы орта білім жүйесі аясындағы білімнің жалпы нормаларын сақтай отырып, оқушының саралап оқытудың түрін таңдау құқын қамтамасыз етеді.
Елімізде бүгінгі жалпы білім беру кеңес дәуірінің 30-жылдары басталған. Сол жылдары мектепте берілетін білім мазмұны пәндік ұстанымда жүйеленуі ғылымдар классификациясына сүйеніп, жеке пәндер оқытыла бастады. Нәтижесінде «Нені оқыту?» деген сұрақ аясында жеке пәндер бойынша берілетін білімнің құрамы мен құрылымы анықталып, көлемі белгіленді. Бұл процесс тарихи кезеңдерден өтіп, бүгінде дәстүрлі болған оқу пәндер жиынтығы қалыптасты. Әр пән аясындағы білім жылдар бойы толықтырылып, жетілдіріліп бүгінгі таңдағы көлемі айқындалды. Осы білім мазмұнын оқушыға жүйелеп, өңдеп дайын күйінде жеткізетін мұғалім болғандықтан, «Қалай оқытамыз?» деген сұрақ аясында әдістемелік ізденістер болды. Осы бағытта ұйымдастырылған білім беру жүйесінің соңғы нәтижесі жеке пәндер бойынша алынатын білім, білік, дағды (ББД) болып табылады.
Әлемдік білім беру кеңістігінде өркениетті елдерде білім беруді ұйымдастыруда екінші жолы орын алған. Оны шартты түрде жүйеден «шығуды» реттеу дейді. Бұл жолдың ерекшелігі неде? Мәселе «Не үшін оқытамыз?» деген сұраққа жауап алудан басталады. Бұл сұраққа жауап ретінде алынатын соңғы нәтижелер нақтыланады. Бұл нәтижелерге жеке пәндер бойынша меңгерген ББД емес өмірлік дағдылар жатады. Бұдан кейін шешілетін мәселе «Оқушыны оқуға қалай үйрету?» деген сұрақпен байланысты. Демек, мұғалім оқушыларға жүйеленіп өңделген оқу материалды дайын күйінде ұсынбайды, баланы өз бетімен ізденуге, өзіне қажет білімді өз бетінше іздестіруге керекті қасиеттермен (білік, дағды, тәсіл және т.б.) қаруландырады. Осындай ұстанымды ұйымдастырған оқу процесінің нәтижесінде оқушылар өмірге қажетті кең ауқымды дағдыларды, құзырлықтарды меңгеріп шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет