К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-74. Лекцияның атқаратын қызметтері



бет59/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   171
Сурет-74. Лекцияның атқаратын қызметтері

75-суретте оқытуды ұйымдастыру формалары ашылды.



Сурет-75. Оқытуды ұйымдастыру формалары

Дәріс – оқу материалын, кез-келген сұрақты, тақырыпты, бөлімді, пәнді, ғылым әдістерін жүйелі, дәйекті түрде ұсыну .


Дәріске қойылатын негізгі талаптар:

  1. Дәріс құрылымы: кіріспе; негізгі бөлім және қорытынды бөлім. Материалдың көлемі мен мазмұны оқу бағдарламасына немесе оқу пәні бойынша тұрақты оқулыққа сәйкес іріктеледі;

  2. Дәріс студенттің дәріс конспектісі ғылымды тануға қажетті жалғыз қайнар көзі болып табылатындығы туралы әсер етпеуі үшін тақырып бойынша барлық бағдарламалық материалды қамтымауы тиі;

  3. Бағдарламалық материалдың бір бөлігін дербес өңдеу үшін бөлу керек, себебі дәрісте қажетті білімді есте сақтау процесін әлсіретеді, тыңдаушылардың білімде субъективті жүйенің қалыптасуына кедергі жасайды .

76-суретте жоғарғы мектеп оқытушысының дәріске дайындалуының мазмұны ашылды.



Сурет-76. Жоғарғы мектеп оқытушысының дәріске дайындалуының мазмұны

Дәріске дайындық барысында оқытушы оның мазмұнының пәннен шыққан оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұнымен арақатынасын түсіндіруі тиіс. Дәріс мазмұны оқытушының материалға өз көзқарастарына, оқулықтың немесе оқу құралының қайталануына емес, оның өз бетінше түсіндірілуіне негізделуі тиіс. Сондай-ақ, оқу процесін жеделдетуге көмектесетін түрлі көрсету құралдарын пайдалану маңызды.


77-суретте дәрістің құрылымы ашылды.

Сурет-77. Дәрістің құрылымы
Дәрістің басты жетістігі – ол оқытушының сөзі анық болуы. Дәрісті оқуда дауыс екпініне аса көңіл бөлуі тиіс:

  1. Интервал – сөз бен сөз топтарын ажырата кезектеп оқу.

  2. Кідіріс – жаңа сұраққа көшу алдын міндетті түрде кідіріс жасау керек.

  3. Темпті өзгерту – дәріс оқу барысында біркелкі, асықпай, жылдам, қатты, жоғары, бәсең, орташа, төмен оқудың арқасында студенттердің конспектілеуіне мүмкіндік туады.

  4. Дене қимылы – мимика, қол сермеу арқылы.

  5. Көрнекілік құралдарын пайдалану – тақтаға жазу арқылы немесе көрме ұйымдастыру арқылы.

  6. Дәріс сабағындағы педагогикалық шеберлік элементтері (оқытушының педагогикалық техникасы).

Кіріспе дәрісте курспен жұмыс істеудің жалпы әдістерін әңгімелеу, курсқа ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдарының сипаттамасын беру, қажетті әдебиеттер тізімімен таныстыру, емтихан талаптары мен басқа да курсты толықтыратын оқу түрлері туралы әңгімелеу пайдалы болады. Осындай кіріспе студенттерге курстың жалпы мазмұны мен құралымын пайымдауына көмектеседі, оларды дәріспен және арнайы әдебиеттермен жұмыс істеуге бағыттайды, курспен жұмыс істеу әдістерімен таныстырады.
Тараудың немесе бүкіл курстың соңында шолу жасау-қайталау (біріктірілген) дәрістері қосалқы материалдар мен жекелеген мәселелерді қоса алғанда, курстың ғылыми-ұғымдық негізін құрайтын, барлық теориялық қағидалардың негізгі мазмұнын алуға тиіс.
Шолу жасау дәрісі – сол оқылған дәріс курсының негізгі жағдайларының қысқаша конспектісі емес, білімді анағұрлым жоғары деңгейде жүйелеу. Жүйе түрінде мұқият әзірленген материал есте жақсы сақталатынын және жүйеден тыс берілген фактілер жиынтығына қайталаудан гөрі негізгі тақырыпты жаңа жағдайлармен сабақтастыруға мүмкіндік жасайтынын оқыту психологиясы көрсетіп отыр. Шолу жасау дәрістерінде емтихан билеттеріне енгізілген күрделі, өте қиын сұрақтарды нақтылап қарау және бөліп көрсету пайдалы.
Кейбір дәстүрлік емес дәрістердің қысқаша сипаттамаларын келтірейік.
Проблемалық дәріс шынайы өмірдің қарама-қайшылықтарын оларды теориялық тұжырымдамалар негізінде бейнелеу арқылы моделдейді. Осындай дәріслардың мақсаты – студенттердің өз бетінше білім алуы.
Визуалдық дәрістің өзінің негізгі мазмұны бейне түрінде беріледі (суреттер, графиктер, сызбалар және т.б.), пайымдаудың белсенділігін арттыру және әр түрлі белгілік жүйенің көмегімен ақпаратты қайта кодтаудың тәсілі болып табылады.
Кеңес беру дәрісі өзінің мазмұнын дәрісхана сұранысы бойынша анықтайды. Мұндай дәріс тыңдаушылардың ынтасын және дәріскердің шеберлік қабілетін толықтай пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Әдейі шатастыру дәрісі алдын-ала жоспарланған қателіктер арқылы ақпаратқа талдау жасау, бағдарлау және оны бағалау дағдысын қалыптастырады.
Ойын сәттері қолданылатын дәрістер студенттер мәселелерді өздері қалыптастырып, оны өздері шешуге тырысады.
Дәрістің негізгі дидактикалық мақсаты – студенттердің оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру.
78-суретте дәріске қойылатын талаптар ашылды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет