«Кіруді»реттеу жағдайында білім стандартының міндеті – жалпы білім берудің және пәндердің мазмұндарын реттеушілік және жүйелілік, ал «шығуды» реттеу жағдайында білім стандартының міндеті:
мектептің әр сатысында алынатын нәтижелерді анықтау;
білім саласы бойынша алынатын нәтижелерді нақтылау;
оқу жетістіктері деңгейлері бойынша алынатын нәтижелерді белгілеу;
реттеу және қадағалауға бағдар беретін құрал.
69-суретте жалпы білім берудің мазмұндық және процессуалдық негізін реттеу жолдарының өзіндік ерекшеліктері ашып көрсетілді.
Сурет - 69. Құзыреттілік білім беру жағдайындағы оқушының өзін-өзі басқаруы
Аталған мазмұндық және процессуалдық ерекшеліктер негізінде жалпы білім берудегі басты құжат – білім беру стандартының атқаратын міндеттерінде айырмашылықты тудырады. «Кіруді» реттеу жағдайында білім стандартының міндеті – жалпы білім берудің және пәндердің мазмұндарын реттеушілік және жүйелілік, ал «шығуды» реттеу жағдайында білім стандартының міндеті: мектептің әр сатысында алынатын нәтижелерді анықтау; білім саласы бойынша алынатын нәтижелерді нақтылау; оқу жетістіктері деңгейлері бойынша алынатын нәтижелерді белгілеу; реттеу және қадағалауға бағдар беретін құрал.
Дублиндік дескрипторлар.
Болон процесінде жоғары білім берудің Еуропалық біліктілік рамкасының құрылымына енетін Дублиндік дескрипторлар қолданысқа енді. Дублиндік дескрипторлар жоғары білім берудің әрбір цикліндегі оқыту нәтижесін бағалауға қойылатын келісілген талаптар жүйесін анықтайды және жоғары білім берудің ұлттық жүйесінде үлкен дәлдікпен жүзеге асырылады.
Болон декларациясына сәйкес біліктіліктің бірінші циклінің Дублиндік дескрипторлары ( 180-240 сынақтық бірлік) ұсынады:
меңгерілетін аймақтағы білімі мен түсінігінің болуы, сондай-ақ меңгерілетін аймақтағы жаңа білімді игеруі және кәсіби деңгейде меңгерген білімі мен түсінігін қолдана алуы;
үйренетін аймақтағы көкейкесті мәселені көре алуы және ұтымды шеше алуы;
әлеуметтік, этикалық және ғылыми түйсік тұрғысынан ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыра алуы;
ақпарат,идея, мәселе және оларды шешуді маманға да маман емеске де жеткізе алуы.
Дублиндік дескрипторлар жоғары білім берудің 3 сатысын ерекшеліктерін нақтылайды.
Дублиндік дескрипторлар 5 негізгі оқыту нәтижелеріне негізделеді ( 70-сурет).