№
|
Дәріс түрі
|
Сипаттама
|
1
|
Кіріспе
|
Студенттерге курстың жалпы мазмұны мен құралымын пайымдауына көмектеседі, оларды дәріспен және арнайы әдебиеттермен жұмыс істеуге бағыттайды, курспен жұмыс істеу әдістерімен таныстырады
|
2
|
Шолу жасау
|
Оқылған дәріс курсының негізгі жағдайларының қысқаша конспектісі емес, білімді жоғары деңгейде жүйелеу
|
3
|
Ақпараттық
дәріс
|
Ақпараттық дәрісте сұрақтарға жауап беру арқылы формальды ойлау негізінде материалды есте сақтау жүзеге асады: тақырыпты ашатын сұрақтар жүйесі енгізіледі; оқу материалы әрбір сұрақ үшін логикалық тізбекпен баяндалады; әрбір сұрақтағы жаңа ұғым анықталады; тұжырымдамалардың дәлелдемелері қысқа баяндалады; мысалдар келтіреді, педагогикалық жағдаяттар мен кейстер шешіледі
|
4
|
Проблемалық
|
Шынайы өмірдің қарама-қайшылықтарын оларды теориялық тұжырымдамалар негізінде бейнелеу арқылы моделдейді. Тақырып қарама-қайшылықты мәселе қою арқылы шешіледі:
|
5
|
Визуалды
|
Дәрістің негізгі мазмұны бейне түрінде беріледі (сурет, график, сызбалар және т.б.), пайымдаудың белсенділігін арттыру және әртүрлі белгілік жүйенің көмегімен ақпаратты қайта кодтаудың тәсілі болып табылады
|
6
|
Кеңес беру
|
Дәріс тыңдаушылардың ынтасын және дәріскердің шеберлік қабілетін толықтай пайдалануға мүмкіндік жасайды
|
7
|
Әдейі
шатастыру
|
Алдын-ала жоспарланған қателіктер арқылы ақпаратқа талдау жасау, бағдарлау және оны бағалау дағдысын қалыптастырады
|
8
|
Ойындық
|
Студенттер мәселелерді өздері қалыптастырып, оны өздері шешуге тырысады
|
9
|
Он-лайн дәріс
|
Қашықтықтан Интернет желісін, электронды оқыту платформаларын пайдаланып берілетін дәріс
|
10
|
Бинарлы дәріс
|
Бірге жүргізілетін дәрісте материал екі дәріс берушінің өзара диалогтік қарым-қатынас жасау түрінде беріледі: бір немесе ұқсас бірнеше проблемалық жағдаяттар туғызылады; әртүрлі болжамдар ұсынылады; дәлелдеуші немесе жоққа шығарушы жүйелер ойластырылады; бірлесе ортақ алынған нәтиже негізделеді.
|
11
|
Дискуссиялық дәріс
|
Білім алушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынас, ойларымен еркін бөлісу.
Кейбір білім алушылардың өз пікір, ой-тұжырымдарының дұрыс немесе бұрыс екендігін дәлелдей алады.
|
12
|
Әңгімелесу дәрісі
|
Бұл дәріс аудиториямен оқытушы арасындағы байланысты көрсетеді. Әңгімелесу дәрісінің мақсаты студенттерді маңызды тақырыптарға байланысты сұрақтарға көңіл аударту, берілген оқу құралындағы мазмұны мен берілген тақырыбын анықтауды үйретеді.
|
13
|
Нақты жағдайды шешетін дәріс
|
Бұл дәріс дискуссия дәрісіне ұқсас, бірақ оқытушы талқыланып жатқан жағдайға байланысты сұрақтар қоймай тоқетерін ғана айтқызды. Әдетте мұндай жағдай ауызша немесе қысқа видиожазба, диафильм ретінде жүргізіледі.
|