Сурет-92. Тренингтің мәні Педагогикалық тренинг оқу-тәрбие процесінде ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап қолдана бастады.
Оқытудың басқа формаларынан тренингтің айырмашылығы бар, 2-суретте тренингтің ерекшеліктері ашылды.
Педагогикалық тренинг негізгі функциясы – іскер қарым-қатынасты орнату:
арнаулы білім, дағдыны дамыту;
адам өміріне қажетті ақпараттар беру;
адамның қазіргі іс-әрекетіне жаңалық енгізу, жаңаша көзқараспен қарау, болашаққа көз тастау және т.б.
ұжымдағы қарым-қатынасты жақсарту, оны бір-біріне деген сенім тұрғысында құру.
Тренинг сабақ – белгілі бір тақырыпқа өткізілетін ойын сабақтарының бірі. Тренинг сабақтың ерекшелігі – тренингке қатысып отырған оқушылар өз ойларын айтып, өз еркімен белсене қатысу керек.
Тренинг сабақтар оқушылардың белсенділіктерін, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамуына өз үлесін
Тренингтер жеке тұлғаның өзін-өзі реттеу тәсілдерін, жаңа білім мен дағдыны меңгеру, интуицияны, креативтілікті, ойлауды, қарым-қатынасты дамыту негіздерін меңгеруге интенсивті жағдай жасайды.
И.В. Вачков (1999 ж.), Ю.Н. Емельянов (1985 ж.), Г.А. Ковалев (1989 ж.), Х. Миккин (1986 ж.), Л.А. Петровская (1982, 2001 жж.), Н.В. Цзен (1985 ж.) және т.б. психолог ғалымдар тренингті бірден интерактивті әдістерден – рөлдік ойындар, дискуссия, психофизикалық жаттығуларды үйлестіріп жүргізуден бастауды ұсынады.
Ғылыми еңбектерде «Тренинг - жеке тұлғаның дамуына және өзара әрекеттестік, өзара қатынас саласында компоненттілікті жетілдіруге бағытталған жаттығулар жүйесі» деген анықтама беріледі.
«Тренинг» сөзі педагогика ғылымына өткен ғасырдың екінші жартысында ғана ене бастады. Бұған дейін осы сөзге мағыналас «жаттығу» сөзі кеңінен қолданылып келді. Қазір осы екі термин де педагогика саласында кеңінен қолданып жатыр.
Тренингтің жай жаттығудан айырмашылығы тренинг біліктілігі жоғары маманның басшылығымен өтетіндігі.
Ғылыми еңбектерде оқыту, тәрбиелеу және дамытудың көп жақты мәселелерін шешуде қолданылатын тренингтердің әр түрлері бар.
Жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудың көп жақты мәселелерін шешуде қолданылатын тренингтердің түрлері көп. Оларды жүйелеудің бірнеше бағыттары белгілі (П.Бэченин, Дж. Рейзел, М.Лакин, М. Либерман, И. Ялом, М.Майлз, Б.Лабин, У.Эдди, К.Хек, К.Рудестам, В.Биндер мен А.Биндер, Б.Римланд, П.Петерсен және т.б.).
Олар бір-бірінен жүйелеу негізі мен критерийлерінің сәйкес келмеуіне байланысты ерекшеленеді.
Белсенді оқыту әдістерін жүйелеу:
оқытуды үйымдастыруға;
қолданылатын әдістер мен формалар доминанттығына;
топтағы нақты қойылатын міндеттерге байланысты болады.
Осыған орай тренингтің бірнеше түрі белгілі болды:
тренинг - топ (К.Левин);
кездесу тобы (К.Роджерс);
әлеуметтік-психологиялық тренинг (Б.С. Девятко, Л.А. Петровская және т.б.).
белсенді әлеуметтік-психологиялық оқыту (Т.С. Яценко және т.б.).
Педагогикалық тренинг – оқыту сапасын арттыруда оқушының білік пен дағдысын қалыптастыру мен жетілдіруді көздейтін жоспарлы бағдарламаммен жүргізілетін әртүрлі жаттығулар жүйесі.
Педагогикалық тренинг оқу-тәрбие процесінде ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап қолдана бастады.
Оқытудың басқа формаларынан тренингтің айырмашылығы бар: