Байланысты: ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)
Оқытудың түрі – оқу материалын меңгерудегі студенттердің өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен амалдарға, құралдарға, студенттердің іс-әрекетіне тәуелді болады. Педагогикалық іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі студенттер мен оқытушының қарым-қатынасы (Чередов И.М.).
Жоғарғы мектептерде оқытуды ұйымдастырудың әр алуан түрлері бар: дәрістер, практикалық оқулар (просеминар, семинар, арнайы семинар, зертханалық жұмыстар, практикум, өз бетінше жұмыс, студенттердің оқу-зерттеу жұмыстары, өндірістік және педагогикалық практика,т.б.). Дидактикада студенттердің белгілі бір оқыту міндеттерін шешуі үшін танымдық қызметтік басқару тәсілдері ретінде түсіндіріледі. Дәріс, семинар, өз бетінше жұмыс, оқытуды ұйымдастыру түрлері ретінде болады, өйткені олар оқытудың мазмұны мен әдістерін жүзеге асыру шеңберіндегі студенттер мен студенттердің өзара іс-әрекетін жүзеге асыратын тәсіл болып саналады.
Жоғары мектептерде дәрісті ұйымдастыру дәрісханалық және дәрісханадан тыс жолдармен іске асырылады, әрқайсысында студенттермен оқу жұмысын ұйымдастырудың жаппай, топтық және жеке түрлері қолданылады.
Жоғары мектептің бүкіл тарихи кезеңдерінде дәріс оқытуды ұйымдастырудың жетекші формасы болып табылады. Студенттің оқу пәнімен алғашқы таныстығы содан басталады, ол жастарды лайықты мамандық пен ғылымға жетелейді, ғылыми білімдердің негізін қалайды.
Жоғары оқу орындарындағы дәріс – оқытудың дидактикалық циклінің басты буыны. «Дәріс» сөзінің негізінде латынша «lektio» оқу деген сөзі жатыр. Дәріс ертедегі Грецияда пайда болған және ертедегі Римде және орта ғасырларда әрі қарай дамыған. Жоғары оқу орындарындағы дәріс – дәріскердің дәрісханамен шығармашылық қатынасы, осындай қатынастардың тиімділігі, танымдық және эмоциялық тұрғыдан алғанда, студенттердің осындай мәтінді оқығанына қарағанда, өте жоғары саналады.
Тараудың немесе бүкіл курстың соңындашолу жасау-қайталау (біріктірілген) дәрістеріқосалқы материалдар мен жекелеген мәселелерді қоса алғанда, курстың ғылыми-ұғымдық негізін құрайтын, барлық теориялық қағидалардың негізгі мазмұнын алуға тиіс.
Шолу жасау дәрісі – сол оқылған дәріс курсының негізгі жағдайларының қысқаша конспектісі емес, білімді анағұрлым жоғары деңгейде жүйелеу. Жүйе түрінде мұқият әзірленген материал есте жақсы сақталатынын және жүйеден тыс берілген фактілер жиынтығына қайталаудан гөрі негізгі тақырыпты жаңа жағдайлармен сабақтастыруға мүмкіндік жасайтынын оқыту психологиясы көрсетіп отыр. Шолу жасау дәрістерінде емтихан билеттеріне енгізілген күрделі, өте қиын сұрақтарды нақтылап қарау және бөліп көрсету пайдалы.
Жоғары оқу орындарында дәріскерлердің басты міндеті – тыңдаған дәрістің негізгі мазмұнын тез қалпына келтіруге көмектесетін, алынған ақпаратты қысқаша жазбаша түрге айналдыру және материалды тыңдау, түсіну, пайымдауды жинақтайтын, белсенді процесті негізі етіп алған студенттердің дәрістегі жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.
Дәріс – жоғары оқу орындаоқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Дәрістің басты мақсаты – болашақ маманның жаңа оқу материалдарын меңгеруге бағытталған ғылыми дүниетанымның негіздерін қалыптастыру.
Дәріс – сабақта айтылмақ ойды тезис-жоспар бойынша күні бұрын жобалап, жоспарлап алып, сол бойынша оқытушының баяндау монологы .
«Дәріс» сөзі латынша «leсtio» – «оқу» деген мағынаны береді. Дәріс алғаш ҮІ ғасырда Ежелгі Грецияда пайда болып, кейін Ежелгі Римде орта ғасырға дейін таралды
Дәрістің мақсаты:
- студенттерде оқытылатын пән бойынша жүйелі ғылыми көзқарас қалыптастыру;
оқытудың заңдары мен принциптерін меңгеруін қамтамасыз ету;
болашақта алған білімдерін кәсіби іс-әрекетте шығармашылықпен қолдана білу, кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру;
болашақ мамандарды сындарлы ойлауға үйрету, педагогикалық рефлексия жасауға үйрету;
болашақ маманның танымдық қызметін белсендіру, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Жоғары оқу орнындағы дәріс – оқутышының аудиториямен шығармашылық қарым-қатынас орнатуы.
Дәріс 3 түрлі қызмет атқарады: ақпарат берушілік (дидактикалық) – жаңа білім беру; ынталандырушылық – тақырыпқа қызықтырып, қосымша мәліметтерді өз бетінше іздестіруге талпындыру; дамытушылық – мәселеге баға беру, ой-елегінен өткізу.
Дәрістің дидактикалық функцияларына жататындар:
- оқыту мақсатының нақты қойылуы;
білімді меңгеру үшін жаңа ақпараттардың берілуі;
дәріс мазмұнының өмірмен байланыстылығы;
студенттердің шығармашылығын қалыптастыру;
пәнаралық байланыстарды қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда жоғары оқу орнындағы дәріске төмендегідей педагогикалық талаптар қойылады:
Тақырыптың өзектілігі: дәріс тақырыбының бүгінгі күннің өзекті мәселесін қамтуы.
Ғылымилық: ұсынылатын ақпарат қазіргі кездегі ғылымның даму деңгейіне сәйкес болуы.
Біртұтастық пен жүйелілік: негізгі сұрақтар, жаңа ақпараттар бірізділікте берілуі шарт және материалды берудегі логикалық құрылым, кіріспе мен қорытындының болуы, т.б.
Дүниетанымдық және әдіснамалық негіздің болуы: дәрісте баяндалатын ғылыми ұғымдардың шығу тарихи генезисін білуі;
Түсініктілік: ғылыми терминдер мен ұғымдардың, қарастырылатын сұрақтар мазмұнының түсініктілігі.
Мазмұндылық: нақты материал және ақпараттарды дұрыс таңдау мен сұрыптау, оларды толықтыру және жүйелеу;
Проблеманы қоя алушылық: нақты тақырып бойынша өзекті проблеманы көре алуы және пікірталас тудыратын сұрақтарды сұрыптап іріктей алуы;
Тұжырымдамалық негіздің болуы: айтылатын ойдың нақты тұжырымдамаларға сүйенуі, басты ойлар мен қорытындының болуы.
Өмірмен байланыстылығы: дәріс материалының қазіргі өмірмен, практикамен, студенттің болашақ мамандығымен байланысты болуы; педагогикалық жағдаят пен кейстерді қамтуы.
Оқу жоспары мен пәннің білім беру бағдарламасына сәйкестігі: дәріс мазмұнының пәннің оқу жоспары мен пәннің бағдарламасына толықтай сәйкес болуы.
Мазмұндылық: дәріс мазмұнының толықтылығы, сұрақ мазмұнының толық ашылуы.
Практикалық мәнділігі: дәріс материалының болашақ маманның кәсіби іс-әрекетінде қолданыс табуы.
Көрнекілік: көрнекі құралдарды пайдалану, негізгі ой-тұжырым, ереже-заңдылықтардың сызба, сурет, слайд және т.б. түрінде берілуі.
Пәнаралық байланыс: дәрістің мамандықтың басқа пәндерімен байланысы.
Ақпараттық дәрісте сұрақтарға жауап беру арқылы формальды ойлау негізінде материалды есте сақтау жүзеге асады: тақырыпты ашатын сұрақтар жүйесі енгізіледі; оқу материалы әрбір сұрақ үшін логикалық тізбекпен баяндалады; әрбір сұрақтағы жаңа ұғым анықталады; тұжырымдамалардың дәлелдемелері қысқа баяндалады; мысалдар келтіреді, педагогикалық жағдаяттар мен кейстер шешіледі.
Проблемалық дәріс материалды түсіндірер алдында (проблемалық)сұрақтар қою, мәселе туғызу арқылы жүзеге асырылады. Проблемалық дәрістің дидактикалық мақсаты- теориялық білімді меңгерту; сындарлы ойлауды дамыту; танымдық қызығушылық ояту.
Проблемалық дәріс дәріс оқушы мен дәрісті тыңдаушылардың өзара байланыста жұмыс етуін қамтамасыз етеді.
Проблемалық дәрісте сұрақ қою немесе мәселе тудыру арқылы жасырын тұрған мәселенің бір емес бірнеше жауаптарын құрастыру арқылы түсіндіргелі отырған тақырыптың шешімін табуға болады:
1) Материалды түсіндірер алдында проблемалық сұрақтар қойылады (мәселе туындайды).
2) Жаңа білім белгісіз күйінде қабылданады.
3) Проблемалық жағдаяттар тудыру арқылы оның шешімін іздестіре отырып, қажетті ақпарат алынады.
4) Қабылдаған ақпарат тыңдаушы үшін өзі ашқан жаңалық түрінде меңгеріледі.
Проблемалық дәріске қойылатын педагогикалық талаптар: ғылыми тұжырымдамаларға негізделген сұрақтардың болуы; сұрақтардың ішкі қайшылықтары; қайшылықтарды шешудегі шарттар; педагогикалық шарттар көмегімен қажетті белгілі әдісті таңдап, белгісіз әдісті іздестіру (22-кесте, 79-сурет).
Алдын ала қателері бар дәріс – қате және дәл емес ақпаратты ажырату үшін ұйымдастырылады: тыңдаушыларға қате ақпарат беріледі; тыңдаушы қатені тауып, талдауына 10-15 мин уақыт беріледі; тыңдаушы сараптаушы оппонент не пікір беруші ретінде сөйлейді.
Бірге жүргізілетін дәрістематериал екі дәріс берушінің өзара диалогтік қарым-қатынас жасау түрінде беріледі: бір немесе ұқсас бірнеше проблемалық жағдаяттар туғызылады; әртүрлі болжамдар ұсынылады;дәлелдеуші немесе жоққа шығарушы жүйелер ойластырылады; бірлесе ортақ алынған нәтиже негізделеді.
Дәрісті ұйымдастыруға қойылатын әдістемелік талаптар:
Дәріс мазмұнының тізбектей берілуі, біртұтастығы, жүйелілігі.
Дәрісте жоғары мектеп оқытушысының кәсіби әдепті сақтауы.
Дәрісте оқытушының студенттермен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуы.
Дәріс мазмұнының толықтай ашылуы: алдын ала дайындалған конспект немесе тезиске сүйене отырып, силлабус бойынша студенттің дәріс мазмұнымен алдын ала таныс болуы және дайындалып келуі, дәрісте еркін пікірталасқа түсе алуы.
Оқытудың инновациялық технологияларын және интерактивті әдістерді, заманауи техникалық құралдарды тиімді қолдана алуы.
Дәрісте болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыратындай кейс, педагогикалық жағдаяттардың болуы .