Сурет -79. Дәріс түрлері
Дәрісті жүргізудегі оқытушының оқытудың қозғаушы тетіктерін тиімді басқаруындағы әдістемелік құзыреттілігі және технологиялық құзыреттілігі 80-суретте айқындалады.
Сурет-80. Дәрісті жүргізудегі оқытушының әдістемелік және технологиялық құзыреттілігі
Дәрістің негізгі дидактикалық мақсаты – студенттердің оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру. Дәріске қойылатын талаптар: тілінің түсінікті және анық болуы; басты, жаңа ұғымдар мен терминдерді түсіндіре білу; мүмкіндігінше дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді (аудио, видео, интерактивті мультимедиалық кұралдар т.с.с. ) пайдалану; аталған талаптар дәрістің сапасын бағалау критерийлерінің негізі болып табылады ( 81-сурет).
Лекторға қойылатын талаптар: пәнді жетік білуі, идеялық сенімділік, көңіл-күй, дауыс ырғағы, сөз құрамының дұрыстылығы мен нақтылығы, дем алысы, сырт көрінісі, өзін-өзі аудиторияда ұстай білуі, аудиторияны «көре» және «сезе» білуі, аудиториямен байланыста болуы ( 82-сурет).
Сурет-81. Дәріс оқуда оқытушыға қойылатын талаптар
Сурет-82. Дәріске қойылатын негізгі талаптар
Студенттерді қысқаша дәріс жазуға уйрету, жазбаларды рәсімдеу, қысқартылған сөздер, әртүрлі белгілерді дұрыс қоя білу, жазба жұмысы барысында әртүрлі қаламдарды қолдану сияқты іс-әрекетгерге дағдыландыру пайдалы. Дәріс мазмұнының құрылымының нақтылылығы, студенттердің ынта-ықыласын өзіне аудара білуі студентгердің белсеңділігін, жұмысқа деген қабілеттілігін, педагогикалық қарым-қатынас орнатуға, еңбекке деген құлшынысты, пәнге деген қызығушлықты тудырады ( 83-сурет).
Сурет -83. Дәріс дайындаудың педагогикалық технологиясы
Дұрыс әрі тиімді ұйымдастырган дәрістің тәрбиелік маңызы арта түседі, ойлау, еңбек әрекеті, пәнге деген ынта, ықылас және қызығушылық дамып, қалыптасады.
Дәрісті оқуда дәрістің құрылымы және логикалық байланысы қатаң сақталуы тиіс: жоспарының болуы; дәрістің басында тақырыпқа байланысты әдебиеттердің және дәрістің аяғында қосымша әдебиеттердің берілуі.
Дәрісті ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар:
Дәріс алынған тақырыпға сәйкестігі.
Дәрістің мазмұнының пәннің оқу бағдарламасына сәйкес келуі.
Оқыту тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін заманауи құралдармен қамтамасыз етілуі: демонстрациялық құрылғылар, техникалық құралдар, интерактивті тақта, т.б.
2-қосымшада «Педагогика» пәнінен «Ұлы даланың ұлағаты: жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер ететін факторлар» атты республикалық телекөпір педагогикалық кеңестің үлгі-жоспары берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |