Байланысты: ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)
Семинарсабағының оқытудың формасы ретінде өзіне тән тарихы бар. Семинар латынның «seminarium » деген сөзінен шыққан. Семинар ертедегі грек, рим мектептерінде диспут, комментарий, қорытынды түрінде өтілген. XVII ғасырда бұл форма Батыс Еуропа елдерінде, ал ХІХ ғ.-дан бастап Ресей университеттерінде қолданылып келеді.
Семинар сабақтары белгілі бір жеке ғалымның басшылығымен студенттердің теориялық курс пек ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгеруін сипаттайды. Семинар сабақтары жоғары мектеп алдыңдағы міндеттердің өзгеріп отыруына орай үнемі жетілдіріліп отырды. Қазіргі кездері семинар сабақтары, негізінен, жоғары мектепте гуманитарлық және техникалық пәндерді оқытуды ұйымдастырудың формасы болып табылады. Ол студенттерде ойлай білу мәдениетін дамытудың құралы болып саналады.
Семинар сабактары пәнді терең, жетік меңгеру мен ғылыми танымның әдіснамасын меңгеруге бағытталады. Студент семинар сабағына дайындалу барысыңда өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеп, дайындалады (талдау жасау, рефераттар жазу, баяндамаларға дайындалу, т.с.с.).
Семинар сабақтары – студенттердің шығармашылық іс-әрекетін дамытудың бірден-бір жолы. Оқыту формасы ретінде семинар сабақтары ежелден пайда болған. «Семинар» сөзі латынның «seminarium» егу дегенді береді. Білімді «егуші» мұғалім өз оқушыларына білімін береді деп ауыспалы мағынада қолданылған.
Ежелгі грек және римдік мектептерде семинарлар пікірталас, оқушылардың баяндамасы түрінде қолданылған. XVII ғасырдан бастап оқытудың бұл формасы Батыс Европада, ал XIX ғасырдан бастап семинар ресейлік және қазақстандық ЖОО-да қолдана бастады. Семинар сабақтары практикалық сипатта болып келген, олар белгілі бір ғалымның ғылыми мектебі болып саналған.
ЖОО-да оқу процесінде практикалық сабақтар өткізіледі. Олардың қызметі – пәнді терең зерттеу. Олардың формалары әртүрлі болып келеді: сарамандық сабақтар, зертханалық сабақтар, семинар сабақтары, практикумдар. Практикалық сабақтардың міндеті алған теориялық білімін практика қолдану дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Практикалық сабақтардың мақсаты – дәрісте жалпыланған формада алынған білімді тереңдету, кеңейту және кәсіби іс-әрекеттің дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау (84-сурет).
Практикалық сабақтардың құрылымы:
1) оқытушының кіріспе сөзі;
2) сұрақ-жауап: тақырып бойынша студенттердің сұрақтарына жауап беру немесе оқытушының қойған сұрақтарына студенттердің жауап беруі;
3) сұхбаттасу: реферат талдау, пікірталас, есеп шығару, баяндамалар, жаттығу жұмыстары, бақылау, эксперимент және т.б.) ;
4) оқытушының қорытынды сөзі.