К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет72/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   171
Тренинг әдістері – үлкен белсенділікті қажет етіп, танымдылық қызығушылықты оятатын ойын әдістері. Оларға жататындар:сюжеттік, рөлдік ойындар; миға шабуыл; дөңгелек үстел; пікірталас және т.б.
Тренинг құралдары білдіру бағытындағы қарым-қатынастың жалпы әдістері мен ерекшеліктерін сипаттайды. Мамандар тренинг құралдарының 5 негізгі түрін бөліп көрсетеді:

  1. ақпараттық;

  2. симуляциялық (имитациялық);

  3. практикалық жұмыстарды орындауға қатысты жаттығулар;

  4. топтық-динамикалық жаттығулар;

  5. компьютерлік құралдар.

Тренингтің ақпараттық құралын қажетті мағлұматтар берерде қолданған жөн. Мысалы, диафильмдер, слайд, кинофильмдерден үзінді келтіруге болады, одан соң осы көрсетілген фрагмент төңірегінде пікірталас тудырып, әрбір оқушының жеке пікірін тыңдауға болады.
Тренингтің ақпараттық құралының артықшылығы – аз уақыт ішінде көп мағлұмат бере алады, ал кемшілігі – сыныптағы оқушылардан кері байланысты қамтамасыз ете алмайды.
Симуляциялық құрал тренинг кезінде шешілетін проблеманы, ұйымдастырушылық жағдаятты, оқушының орнын, рөлін көрсетеді. Симуляциялық құралды дұрыс пайдалану тренингтің сәтті өтуіне жағдай жасап, оқушылардың біліктілігі мен дағдысының қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Симуляциялық құралдың артықшылығы:

  • тренинг кезіндегі әртүрлі қарым-қатынас (әртүрлі рөлдерге бөлу) оқушының өз өмірінде жеке тұлға болып қалыптасуына себебін тигізеді;

  • күнделікті өмірде байқалмай жүрген нәрселерге назар аудару, оны жаңа қырынан тануға көмектеседі;

  • әртүрлі жағдаяттар кезінде тиімді әдіс-тәсілдер пайдалануды, шешімді лезде табуға үйретеді;

  • кері байланыстың болу нәтижесінде тренингтің тиімділігін арттыру;

  • кейбір жаттығуларды бірнеше рет қайталау барысында оқушыда практикалық дағды қалыптасады;

  • түпкі нәтижесіне қарамай, қате пікірлерді де айтып, бұдан былай осы нәрсемен айналысуға болмайтындығын ұқтырады;

  • өз ойын еркін айтуға, тіпті қателесуге құқық береді, оқушы өз іс-әрекетін тәжірибеден өткізуге мүмкіндік алады;

  • оқушылардың танымдық қызығушылығын оятып, өмірлік позициясын айқындап, белсенділіктерін арттырады;

  • материалды тыңдаушыға жеке элементтерге бөліп, түсінікті беруге үйретеді.

Симуляциялық құралды пайдаланудың және бір қиыншылығы – көтеріп отырған мәселені бүгінгі жағдайға қатысты шешу, материалдық-техникалық базаны ескеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет