К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысына (ОБСӨЖ) арналған тапсырмалар



бет67/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   171
Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысына (ОБСӨЖ) арналған тапсырмалар оқу тақырыптарының жеке сұрақтарынан тұруы тиіс. Ол сұрақтар дәрісханалық сабақтарда қарастырылмай, студенттің жеке ізденісіне жол ашады. Өзіндік жұмыстың бұл түрлерінің жалпы еңбек көлемін, әрине, ескеру керек, дегенмен,пән аясында қарастырылатын кейбір мәселелерді студент өз бетімен ізденіп, оқуға міндетті екендігінде естен шығармауға тиіспіз. Оқу материалының ең болмағанда бір бөлігін студент өз бетімен ізденіп меңгерсе ғана жаңалықты түйсініп, бағалай алады, ал мұның өзі білім алудың басты шарты болып табылады. Студент берілген тапсырманы түсінбеген жағдайда оқытушының көмегіне жүгінеді.
ОБСӨЖ-ге арналған тапсырмаларды әрбір модульдің мазмұнында немесе бағдарламаның жеке «оқу-әдістемелікпен қамту» тарауында қарастыруға да болады. Әр пән бойынша студенттің өз бетімен орындайтын тапсырмалары (реферат, конспект шығару, иллюстрациялық материалдарды жинақтау және т.б.) жұмыс бағдарламасын талдау барысында, кафедра мәжілісінде талқыланады.
ОБСӨЖ тапсырмаларының орындалуын тексеруді оқытушы семинар сабақтарында немесе кезеңдік бақылау кезінде жүзеге асырады. Мұндай жағдайда басқа студенттердің дәрісханалық тапсырмаларды орындауы немесе аралық бақылау сұрақтарына жауап беруі қатаң бақылануы тиіс, ал егер тапсырма жазбаша реферат түрінде, не басқаша жұмыстың жазбаша нұсқасы болса, дәрісханалық сабақтан тыс уақытта тексерілуі тиіс. Егер ОБСӨЖ бойынша тапсырманың орындалуы студенттер білімінің бүтін бір модуль бойынша деңгейін анықтайтын болса, оны тексеруге жеке бір аралық бақылау арналады (барлық аралық бақылау емес). Студенттердің білімін бақылаудың мұндай түрі аса тиімді болып есептеледі.
Студенттердің өзіндік жұмысына әр пән бойынша дәрісханалық сағатттың 50% бөлінеді. СӨЖ-дің сағаттар саны қажет болған жағдайда жалпы мамандыққа және іргелі курстарға бөлінген СӨЖ сағаттарының есебінен көбейтілуі мүмкін.
СӨЖ мазмұнының сипаты мен оны жоспарлау пәндердің жұмыс бағдарламасында баяндалады, ал оқу жоспарында тек сағаттары ғана көрсетіледі.
Жалпы еңбек көлемі мен дәрісханалық сағаттың сағат санынын жалпы шамасы оқу үрдісін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Жоспарды кұрастыру және кез келген жоспарды тексеру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет