Практикалық жұмыстарды орындауға қатысты жаттығулар сол тренинг барысында оқушыны өзіне қажетті білік пен дағдыға машықтандырады.
Тренингтің практикалық жұмыстарды орындауға қатысты жаттығулар құрылымының да көптеген артықшылықтары бар. Олар:
білім алушы өзіне қажетті білік пен дағдыны сол мезетте үйренеді;
білім алушы білім, білік, практикалық тәжірибе алуға белсене қатысады;
білім алушы жұмысты мұғалімнің (тәрбиешінің) басшылығымен орындайды да, көп қателіктер жібермей, тез үйренуге машықтанады;
білім алушының «білсем», «үренсем» деген белсенділігі ынталандырылып отырады;
білім алушы өзіне қажетті іскерлікті үйреніп қана қоймайды, сондай-ақ, ол туралы көп мағлұмат алады.
Осыншама көп жетістіктері бола тұра, тренингтің практикалық жұмыстарды орындауға қатысты жаттығулар құрамының төмендегідей кемшіліктері баршылық:
тәрбиелі іс-әрекеті біреуден көріп, қолымен жасап көріп үйрене алмайсың, оны тек жан дүниеңнен өткізіп барып,түсінуді қажет ететіндігі;
білім алушы лардың білік, дағдыны меңгеру деңгейлерінің бірдей еместігі.
Топтық-динамикалық жаттығулар ұжымды қалыптастыру, ұжымдық ойлау, іскерлік қарым-қатынастың мәдениетін үйренуге, бірлікте іс-әрекет жасауға, әртүрлі тәрбиелік шиеленістердің алдын алуға көмектеседі.
Топтық-динамикалық жаттығулардың көптүрлілігі оны іскерлік ойындармен салыстырғанда әрі тренингтің әдісі, әрі тренинг құралы ретінде қарауға болады.
Тренингтің топтық-динамикалық жаттығуларының іскерлік ойындардың негізгі айырмашылығы – тренинг барысында, берілген аз уақыт ішінде ойын еркін айтуға, іс-әрекет жүйесін таңдауға тура келеді.
Тренингтің топтық-динамикалық жаттығулар техникасынан артықшылығы төмендегідей:
тренингтік жаттығуға қатысушылар санының көптігі (сондықтан топтық деп аталады);
білім алушының шығармашылығының, іскерлік қабілеттерінің ашылуына толықтай мүмкіндік бар;
тренингтің өтілуіне қарай, жағдаяттың өзгеруіне қарай бейімделуі;
бұл жерде қарап-тыңдап, сынайтын көрермендер жоқ, сондықтан оқушыға өзін-өзі еркін ұстауға, толық ашылуға мүмкіндік туады.
Дегенмен де тренингтің топтық-динамикалық жаттығулар құрылымының да кемшіліктері бар. Олар:
тренингке қатысатын ойыншылар саны көп болғандықтан, жағдаяттың лезде өзгеруі тренингтің тақырыбынан ауытқуға әкелуі мүмкін;
топтық-динамикалық жаттығуларда уақыт регламенттін сақтау қиындық тудырады;
топтық-динамикалық жаттығуларда қарым-қатынасты оқыту функциясынан гөрі дайындық функциясын атқарады.
Тренинг бағдарламасының үшінші компоненті – тренингтің тиімді жақтарын, тренингтің жеткен нәтижелерін анықтау.
Тренингтің нәтижелігін анықтау ұжымның, жекеленген оқушының тренинг өткізгенге дейінгі және тренингті өткізгеннен кейінгі іс-әрекетін салыстыру нәтижесінде жүзеге асады. Тренинг нәтижесінің тиімділігін анықтауда бағалау критерийлері ішкі және сыртқы болып 2-ге бөлінеді.