Имитациялық технология (ойындық) - оқу модельдері, рөлдік оқыту, шешім қабылдау әдістері.
Толық меңгерутехнологиясы кері байланыс үшін тестілеу әдісін қолданады.
Акмеологиялық технология - тұрақты мотивация негізінде әрбір оқушыны оқыту мен дамытуда жоғары нәтиже мен жетістіктерге жеткізетін технология. Бұл кез келген оқушының жетістігін қамтамасыз ететін оқытудың барлық белсенді әдіс-тәсілдерінің жүйесі, үйлесімі.
Зерттеушілік технологиясы -жаңалық ашу арқылы оқыту.
Тренингтік технология - оқушылардың іскерліктері мен дағдысын қалыптастыру, білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету.
Жобалау технологиясы – оқушылардың жобалық жұмыстарын ұйымдастыру.
Видеотехнология - оқытудың аудиовизуалдық құралдарын пайдалану.
Ғалым Н.А. Еньшина соңғы кезеңде жалпы білім беретін орта мектептерде, сондай-ақ жоғары оқу орындарында да қолданып жүрген инновациялық технологияларды атап көрсетеді.
Ал, ғалым В.Я. Ляудис өзінің «Инновациялық оқыту және ғылым» атты еңбегінде инновациялық оқытудың ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Педагогикалық технологияларды қолдау деңгейіне, философиялық негіздемесіне, ғылыми тұжырымдамасына, құрылымы мен мазмұнына қарай жүйелеуге болады.
Инновациялық педагогикалық технологиялар оқушы іс-әрекеттін белсендіру, оқыту процесін тиімді ұйымдастыру және басқару, оқу материалын дидактикалық-әдістемелік жетілдіру бойынша жүйеленді.
Білім берудің жаңа парадигмасы жеке тұлғаның құзыреттілігін, эрудициясын, мәдениеттілігін және шығармашылық бастауын басты назарда ұстайды. А.А.Кирсанов, А.В.Петровский, В.А.Петровский, И.Э.Унт және т.б. ғалымдардың ұсынған оқытуды жекешелендіру мен саралау тұжырымдамалары 2 бағытты қамтиды.
А.В. Петровский, В.А. Петровскийлер жақтаған бірінші бағытты қорғаушылар дараландыру теориясын басшылыққа ала отырып, жеке тұлғаны ұғынудың жаңа бағытын ұсынады.
И.Э. Унт, В.М. Монахов, В.А. Орлов, В.В. Фирсов және т.б. ғалымдар жақтаған екінші бағытты жақтаушылар тұлғаның табиғи ерекшеліктерін басты назарда ұстай отыра, оқытудың жекешелендіру мен саралау бағытын ұстанады.