1) белгілі бір мәселені шешуге бағытталған жалпы танымдық тапсырмалар (міндеттер);
2) арнайы тапсырмалар.
Іскерлік ойындарын өткізудегі мұғалімнің міндеттері:
белгілі бір мәселеге, материалға байланысты қажетті иллюстрацияларды іріктеу;
дидактикалық материалдар дайындау;
әр оқушыға тапсырма беру;
оқушыларды рөлге, топтарға бөлу;
міндеттерді белгілеу;
мүмкін болатын жауаптар туралы ойлау;
оқушылардың қызығуын ояту.
Іскерлік ойындардың тәрбиелік міндеттерді шешуде үлкен үлесі бар:
1) танымдық: ойын барысында оқушылар сынып жұмысын ұйымдастырып, өздерінің жеке міндеттерімен танысады;
2) тәрбиелік: іскерлік ойын барысында ұжымдық түсініктері қалыптасып, әрқайсысының ойынға қатысу дәрежелері анықталады, жалпы міндеттерді шешуде өзара қарым-қатынастары білінеді, барлық сұрақтарды ұжымдық талдау барысында сыншылдық, ұстамдылық, басқаның пікірін түсіну, ілтипат көрсету қалыптасады;
3) дамытушылық: қабілеттері, сөйлеу мәдениеті, пікірталасқа қатысу білігі дамиды.
Іскерлік ойындарды ұйымдастыруда төмендегідей психологиялық-дидактикалық жағдайларды атап көрсетуге болады:
белсенділік – ойын барысындағы оқушының дене және интеллектуалдық күштерінің белсенді көрінісі, бұл ойын әрекетінің негізгі ұстанымы болып табылады;
рөлдерді орындау – адам әрекетінің ойын негізінде нобайлануы және қайта жасалу құбылысын көрсетуі. Рөлдерді орындаудың дидактикалық құндылығы оқушылардың кәсіби даярлығына бағдарланушылығы болып табылады;
ұжымдық сипаты – оқушылардың ойын топтарына бөлінуі. Ойынның ұжымдық сипаты негізінде оқушылардың өзіндік қарым-қатынасы, достығы, ұйымшылдығы, өз ойларын айту, пікірлесу сияқты жағымды қасиеттері дамиды;