Имитациялық емес және имитациялық оқыту әдістерінің топтары Болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда оқыту процесіне оқытудың интерактивті әдістері мен технологияларын пайдалану.
Сондай оқыту түріне – (имитациялық) еліктеу ойындары жатады.
Ойын-адамның нақты (немесе қиялдағы) жағдайға еркін ену түрі. Ойынға қатысушылар ойын барысында жеке «Мен»-ін жүзеге асырып, өз шығармашылығы мен белсенділігіне, өз мүмкіндіктеріне көз жеткізеді. Ойынға қатысушылардың әрбірі өзі қалаған рөлін таңдайды, оны танымдық әрекеттер құрылымында жүзеге асырады.
Сондықтан да мектептегі еліктеу ойындары жеке тұлғаға бағытталған оқытудың негізін қалайды.
103-суретте ойынның негізгі қызметтері ашылды.
Алғашында іскерлік ойындар әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін қолданылды. 1932 жылы Ленинград инженерлік-экономикалық институтында М.Бирштейннің басшылық етуімен Львов машина зауытының іске қосылуын көрсету үшін іскерлік ойыны өткізілді.
Бұдан кейін іскерлік ойындар 1950 жылдары экономикалық қатынастар, 1960 жылдары басқару және педагогика саласына тарады. Ол ойын түрлері Н.Грейф, Р.Уорфорд, Г.Шедровский еңбектерінде дамыды.
Сурет-103. Ойынның қызметі Г.Шедровский анықтамасына сәйкес, іскерлік ойындарды төмендегідей ерекшеліктері бар:
а) қоршаған ортаға ерекше қатынас;
ә) ойынға қатысушылардың субъективті іс-әрекеті (әрбір ойынға қатысушыға өзінің білімділігін көрсету үшін ең жағымды жағдай қамтамасыз етіледі. Ойыншының өз «Менін» тек қана ойын жағдайында ғана емес, сонымен қатар тұлғалар арасындағы қатынастардың барлық жүйелерінде көрсетуге мүмкіндік береді);
б) іс-әрекеттің тапсырма түрінде берілуі (ойынның енжарлық күйде емес, белсенді қатынас негізінде «жеңісті», ұтыс бағытында ойналуы);
в) түсінудің ерекше мазмұндылығы (ойынға қатысушыларда теориялық, әдістемелік тәжірибелік білім мен дағды қалыпты жағдайда қабылдауымен, көлемді ақпаратты есте сақтауға мәжбүр етпейтіндігімен анықталады).
Іскерлік ойын – бұл оқытуды ұйымдастыру формасы, ол мұғалімнің басқаруымен, оқушылардың өзіндік ұйымдастырушылығымен жоспарланған ойын сценарийі арқылы мақсатты бағытының негізінде жүзеге асырылады. Білім беру тәжірибесінде оқытудың ойын формасы оқытудың тәжірибелік бағыттылығын мақсат тұтатын іскерлік ойындар арқылы игерген білімдерін шығармашылықта қолданады және бекітеді. Оқу процесінде іскерлік ойындардың төмендегідей түрлері қолданылады: рөлдік, операциялық, ұжымдық-іскерлік ойындар.
Іскерлік ойындарының негізгі педагогикалық мәні – оқушылардың ақыл-ойын дамыту, ойлауды жандандыру, танымдық белсенділігін қалыптастыру, оқыту үдерісіне шығармашылық рух енгізу.
104-суретте іскерлік ойынның негізгі ерекшеліктері ашылды.