К. Д. Бузаубакова


Сынып жетекшісі журналының мазмұны (Г.Л.Фриш бойынша)



Pdf көрінісі
бет207/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

  Сынып жетекшісі журналының мазмұны (Г.Л.Фриш бойынша) 
1) Оқу жылының басындағы сыныптың қысқаша мінездемесі. 
2) Сауалнамалық мәліметтермен қоса тіркелген сыныптың тізімі. 
3) Сауалнамалық мәліметтермен қоса тіркелген сыныптың тізімі.  
4) Сынып бойынша статистикалық мәліметтер.  
5) Оқушылардың партаға отырғызылуы бойынша жасалған орналасу 
схемасы. 
6) Оқу жылына арналған сабақ кестесі. 
7) Оқушылардың тоқсандық оқу үлгерімі бойынша жинақ ведомості. 
8) Үлгермешілік туралы әр тоқсан бойынша нақты, кең мәліметтер. 
9) Оқушылардың барлық пәндер бойынша тоқсандық бағаларының 
ведомосі.  
10)  Әр пән бойынша оқушылардың жылдық қорытынды бағаларының 
ведомості. 
11)  Оқушылардың күнделіктерін тексеруге беріп отырғандығы туралы 
кесте.  
12)  Ата-аналардың балаларының күнделіктерін тексеріп және танысып 
отырғандығы туралы мәліметтер тіркелген кесте.  


163 
 
13)  Оқу жылы бойынша сыныптың оқу бөлмесіндегі кезекшілігінің 
кестесі.  
14)  Оқушылардың туылған күндерінің тізімі. 
15)  Оқушыларға жартыжылдық бойынша берілген қоғамдық 
тапсырмалары туралы. 
16)  Оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастырулары туралы нақты 
мәліметтер.  
17)  Денсаулығы нашар балалар және олардың ата – аналарымен 
байланысы.  
18)   Оқушылардың себепесіз сабақтан қалғандығы туралы. 
19)  Оқушылардың өз беттерімен танымдық, мәдени өрісін жетілдірулері 
туралы нақты мәліметтер. 
20)  Бір жылдық тәрбие сағатының және сынып жиналысының кестесі.  
21)  Өз сыныбының сабақтарына қатысқандығы, олардың қорытындысы 
бойынша жүргізілген жұмыстар туралы нақты және кең мәліметтер.  
22)  Сыныптың ата-аналар комитеті туралы мәліметтер.  
23)  Оқушылардың үйіне бару, олармен жеке, тығыз байланыстар орнату 
туралы мәліметтер.  
24)   Көп балалы отбасыларымен жүргізілген жұмыстар.  
25)  Қиын отбасылармен жоспарланған іс-шаралар (апталық, айлық, 
жартыжылдық, жылдық) 
26)  Ескертулер.  
27) Сынып жекетекшісінің өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіруі үшін 
жүргізген ізденістері туралы нақты мәліметтер.  
  Сынып жетекшісінің қызметі 
Мақсаты:  
1)  сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдердің іс-әрекетін қадағалау; 
2)  сыныптағы білім сапасы үшін күресуге тәрбиелеу; 
3)  танымдық қызығушылықтарын және сынып ұжымының танымдық іс -   
әрекетін дамытуға атсалысу. 
Міндеттері: 
1)  сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдердің іс-әрекетін қадағалау; 
2)   әр оқушының дербес ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық  
ынтымақтастықты  жүзеге асырудың деңгейін көтеру мақсатындағы шағын 
педагогикалық кеңестерді  ұйыдастыру;  
3) мұғалімдерді  ата-  аналармен  тығыз  байланыста  жұмыс  істеуге 
жұмылдыру. 
Жұмыс түрлері:  

 
тоқсанында бір рет, қажет болған жағдайда жоспардан тыс та шағын 
педагогикалық кеңес өткізу; 

   әрбір мұғаліммен үнемі жеке жұмыс жүргізу және сыныптың мерекелік 
шараларына қатысуға шақыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет