223
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесінің құжаттамасында
мыналар болуы тиіс:
a)
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымның
тиісті мақсаттары саласындағы саясат туралы құжатпен ресімделген өтініш;
b)
осы стандарттың талаптарына сәйкес құжатталған рәсімдер мен
жазбалар;
c)
азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесін тиімді
әзірлеуді, енгізуді және жаңартуды қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымның
құжаттары.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі қауіпті фактордың іске асырылу
ықтималдығы мен оның зардаптарының ауырлық дәрежесінің ұштасуын
ескере отырып, адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге және
тұтынушылардың заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты тамақ
өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының,
кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) жол
берілмейтін қатердің болмауы ретінде айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: