226
қолдау үшін сату нарықтары туралы ақпарат жинау, стандарттау және
сертификаттау (тауарлар мен қызметтерге белгілі бір сипаттамаларды
белгілеу), жарнама және дизайн, өнім ассортиментін жоспарлау, сату бағасын
анықтау, тұтынушыларға қызмет көрсету, тауарларды тасымалдау және
сақтау, сақтандыру.
Маркетингтің құрамдас бөліктері: өнім, сату бағасы, жылжыту,
позиция.
Маркетингтің басты мәні-өнімді жылжыту. Бұл қазіргі сұранысты
сақтау үшін қажет. Ол үшін жарнама қолданылады. Жарнаманың көмегімен
әлеуетті сатып алушылар оларға сұранысты қалыптастыру үшін тауарлар мен
қызметтердің тұтынушылық қасиеттері туралы әртүрлі тәсілдермен және
құралдармен хабардар етіледі.
Маркетинг конъюнктураны болжауға мүмкіндік береді (экономикалық
белсенділіктің ауытқуы, белгілі бір кезеңдегі экономиканың жағдайын
сипаттайтын белгілер жиынтығы), тауарларға сұранысты қанағаттандыруға
ықпал етеді.
Менеджмент және маркетинг – қазіргі экономиканың маңызды
инфрақұрылымдық элементтері, олар арқылы кәсіпорындар негізгі
экономикалық мақсатқа-тұрақты пайдаға қол жеткізеді. Менеджмент және
маркетинг принциптері туралы білімді жетік меңгерген көрнекті
басқарушылар компанияларды қаржылық табысқа жетелейді, ал өндірілетін
тауарлар мен қызметтер бүкіл әлемнің игілігіне айналады. Жақсы
құрастырылған бизнес-жоспар және дұрыс ұйымдастырылған жарнама
компаниясы бизнес – идеяны жүзеге асырудың негізгі тетіктері болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: