К. Ж изтилеуова А. Б. Жағынан құрастырылған. Оқу құралы оқушылар бойында төмендегідей білім, білік, дағдыларды қалыптастырады: 2 сынып оқушыларына арналған «Көркем жазу» курсы 34 сағатқа есептелген. Әрбір сабақ



бет20/54
Дата15.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#123673
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54
Байланысты:
қызықты грам қмж

3 – тапсырма. Жұмбақты оқып, шешуін тауып көшіріп жазу.
4 – тапсырма. Қай сөздерді өмірде қолданғың келеді қызылмен боя, қолдануға болмайтын сөздерді көкпен бояуға ұсынылады. Бояудың біркелкі, сызықтан шығып кетпеуі ескеріледі.


Сабақты қорытындылау. Концептуалдық кесте арқылы оқушылардың пікірін анықтау. Сабақтың ұнаған тұстарымен, қиындықтарын анықтай отырып сабақты қорыту.
Үйге 5 – тапсырма. Мәтінді көшіріп жазу.
Бағалау: Әдемі, таза, көркем жазған оқушыларды мадақтау.
11 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қосымша жолдардың жұмыс кеңістігімен танысу. Зз әрпінің жазылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қосымша жолдардың жұмыс кеңістігі туралы алған білімдерін тапсырмаларды орындау арқылы бекіту. Зз әрпінің жазу техникасын меңгерту.
Дамытушылығы: Үзіліссіз, байланыстыра жазуға дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларға қойылатын гигиеналық талаптарды сақтау арқылы біліктілігін дамыту.
Тәрбиелігі: Қосымша тапсырмаларды орындау барысында ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап, жүйелеу, деңгейлеп оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: баспа және жазба әріптер кестесі, сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық серпіліс жасату.
2. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Мәтінді жазуда қандай тыныс белгілерді кездестірдіңдер?

  • Азат жолдан жазу ережесі туралы не білдіңдер?

  • Дәптердегі сызықтан бастау және аяқтау дегенді қалай түсіндіңдер?

  1. Тақырып бойынша жұмыс.

Қызығушылықты ояту.
Шөлдалаға күн ара
Қонушы еді бір ара.
Бүгін 30 туысын
Ертіп келді бұл ара.
Сонда бүгін ауылға
Келіп қонды қанша ара?
Бүгін, қосымша жолдардың жұмыс кеңістігі туралы білімдерімізді Зз әрпін жазу барысында пысықтаймыз . Зз әрпі жазылуы жағынан В әрпінің элементтеріне ұқсастығы айтылады.
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар (Орындарынан тұрып қолдарын оңға, солға қозғайды),
Алдымнан жел еседі (У- у- у желдің дыбысы салынады).
Кіп- кішкентай ағаштар (Тізе бүгіп отырады),
Үп- үлкен боп өседі (Орындарынан тұрып қолдарын жоғарыға көтереді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет