Тәрбиелігі: Бірлесіп, ұжыммен жұмыс жасай білуге, ұқыптылыққа, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, кешенді талдау, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі:Әріптердің баспа, жазба кестелері, сөзжұмбақ,
Сабақтың пән аралық байланысы: Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Бір-бірінің қолдарынан ұстап тілек білдіруге ұсыныс жасау арқылы психологиялық серпіліс жасату.
2 Үйге тапсырманы сұрақ- жауап әдісімен сұрау.
Көркем жазу үшін қандай талаптарды білуіміз қажет?
Әріптердің арасындағы байланыс дұрыс болу үшін нені қолдану қажет?
Мақалды жатқа айтып, мазмұнынын аш.
3. Жаңа сабақ түсіндіру.
Ой жинақтау:Сергіту жаттығуы.
Біз гүлдерше өсеміз (Қолдарын жоғары көтереді),
Жапырағы жайқалған ( Құшағын кең ашады).
Сабақтары салалы (Қолдарды билеу қалпына келтіреді),
Желге ырғалып жайқалған (Оңға, солға ырғалып қозғалады).
Жазу үлгісіндегі сызықтар әріптерді ережеге сәйкес жазуға арналып, қол жаттығулары үшін берілген. Сызықтар үстінен қаламсапты жүргізе отырып, емлені жазуға бейімделеді. Бб әрпін көркем етіп жазуда, әріп элементтері анықталады.
Б әрпінің емлесі 3 бөліктен, кіші б әрпінің емлесі 2 бөліктен тұратындығын ұғындыру.
Жазу дәптері мен жұмыс жүргізу 1 – тапсырма. Көркем жазу дәптеріндегі үлгіге қарап, Бб әрпімен сөздерді қатесіз, таза жазуға ұсыну. Стандартқа сәйкес үзіліспен және үзіліссіз, жоғары және төмен байланыстарды меңгерту.
2 – тапсырма.Әрбір аяқталмаған сөйлемді оқып, оның астындағы берілген сөздердің біреуін ғана пайдаланып, сөйлемдегі ойды аяқтап жазуға ұсыну. Көзделетін мақсат, жазу мәдениеті бойынша білімдерін тереңдету.
1) Бүгіннен кейін ___________________________
(жыл, кеше, ертең)
2) Қариялар дастархан басында -_____________________
(су, ақша, бата)
3) Әкеден кейін ___________________________
( немере, бала, шөбере)