Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Жазу үлгісіндегі әріптердің сандық өлшемі туралы түсінік беру. Таза, әдемі жазуды талап ету.
Дамытушылығы: Дыбыс таңбаларын жазу формасын, бір-бірімен байланысу тәсілін меңгерту барысында көркем жазу дағдысын қалыптастыру. Жазу сабағына қойылатын талаптармен таныстыра отырып білімдерін дамыту.
Тәрбиелігі: Гигиеналық талаптар арқылы жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Білімді жинақтау, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, сюжетті суреттер, жазу үлгісі, ребус.
Сабақтың пән аралық байланысы: Математика, бейнелеу, әдебиет.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау. «Менің орным қайда?» ойыны арқылы психологиялық серпіліс жасату.
Үйге тапсыманы сұрау.
«Ана» тақырыбына жазған эсселерін оқыту, бағытталған сұрақтар арқылы мазмұнын ашуға көмек беру.
Жазу сауаттылығын тексеру.
Пысықтау сабағы.
«Суретті жұмбақ»ты (ребус) шешу арқылы, тақырып мазмұнын ашу
Бүгінгі сабақта, жазу үлгісіндегі әріптердің сандық өлшемдері мен әріптер көлемінің біркелкілігі және жазу сабағына қойылатын талаптар мен таныстырылады. Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқу да жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсінуде оңай екендігі даусыз. Ол үшін біз, әріптердің сандық мөлшерін білуіміз қажет. Екінші сыныпта бас әріптердің биіктігі – 7 мм, ал кіші әріптердің биіктігі – 3 мм көлемінде жазылатындығын есте сақтау ұғындырылады. Тағыда бір назарда ұстайтындары дұрыс жазу үшін мынадай талаптарды меңгеру қажеттілігі.
Үлгі мен жазудың нәтижесін салыстыра білу;
Баспа әріптің, жазбаша түрдегі емлесін жаза білу;
Әріптің ережеге сай жазылуын білу;
Әріптердің бір келкілігін сақтау.
Әріптерді байланыстыра білу (үзіліссіз, жоғарғы жағынан, төменгі жағынан);
Жазудың басталуы және бір жолды дұрыс толтыра білу;