Сергіту жаттығулары
Таулар көріп өсеміз (Қолдарын жоғары көтеріп тауды бейнелейді),
Баулар егіп өсеміз (Қолдарын алдыға созып, саусақтарын әрекетке келтіреді).
Жеміс теріп өсеміз (Басты төмен еңкейтіп, саусақтарды жеміс теруге икемдейді),
Жеңіскер боп өсеміз (Қолдарын жоғары көтеріп, оңға – солға қозғайды).
Дәптер мен жұмыс жүргізу
1- тапсырма. Үлгідегі көрсетілген өрнектерді, ә, Ә әріптерінің элементтерін, сөздерді қатесіз, көркем етіп жазуға ұсынылады. Бұл уақытта оқушының таза, көркем және жылдам жазуы ескеріледі.
2- тапсырманы «Теруге қатыс» ойыны арқылы орындауға болады. Аралас жазылған сөздердің ішінен Ә әрпі бар сөздерді астындағы сызыққа теріп жазу ұсынылады. Баспа түрдегі әріптерді жазба түрдегі әріптермен салыстырып, графикалық қырағылыққа үйретіледі.
3- тапсырма сауатты жазуға арналған. Үш сөйлемнен құралған шағын мәтін мұғалімнің қайталап оқуы арқылы «Естілу бойынша жазу» әдісімен орындалады. Жат жазу жиі болса, оқушының сауаты артатынын ұғындыру.
4- тапсырма «Өзіңді байқа!» ойыны арқылы, сабақты қорытуға болады. Шар суреттеріне жазылған сөздерден, жазуға қойылатын талаптардың қажет, немесе қажет еместігін таңдайды. Қажет – қызыл бояу, қажет емес – жасыл бояу мен бояуға ұсынылады. Оқушылар білімін анықтай отырып, сабаққа қорытынды жасалады.
Үйге 5- тапсырма. Мақалды көшіріп жазу.
Жирен жаман әдеттен,
Үйрен жақсы әдептен.
Бағалау: Сабаққа белсенді қатысып, көркем жазған оқушыларды мадақтау.
Оқу ісінің меңгерушісі:
4 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жазу үлгісінің сызықтарымен танысу. Бб әрпін жазу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Үлгідегі сызықтар сырын, Бб әрпінің жазылу ережесін таныстыру. Әріптер арасындағы байланысты сақтай отырып, жазу жылдамдығын меңгерту.
Дамытушылығы: Сауатты, көркем жазуды сақтау үшін түрлі тәсілдер арқылы үзіліссіз жазу техникасын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |