Дәптермен жұмыс жүргізу
1 – тапсырма. Үлгіде көрсетілген элементтерді орындау арқылы, жазу техникасын
меңгерту. Әріптерді салыстыру, айырмашылығын табу.
2 – тапсырма. Шулайтындарды тауып жазуға ұсыныс жасау. Тапсырма барысында
оқушыларды ой қозғау арқылы ізденіске үйрету.
Үлгі: жел, құстар
3 – тапсырма. Өздік диктантты орындау. Оқушылардың жазу сауаттылығын тексеру.
Ш ма Щ ма?
Ал ...а, а ...ы, наға ... ы, ... ағала, тұ ... ы, ала ... а, бор ..., ...а ... у, күл ... е.
4 – тапсырма. Мәтінді көшіріп жазу арқылы, байланыстыра жазуды меңгерту.
Орман Раушанның үйіне бірнеше шақырым еді. Ол алыс жол жүріп келді. Раушан алшаны теріп, шараға салды. Шара ауыр болды.
С абақты қорытындылау: Шш әріпіне байланысты білгендерін жұлдызшаға жазып, қосымша сұрақ-жауап арқылы қорыту.
Үйге 5 – тапсырма. Мақалдардың жалғасын тауып, көшіріп жазуға ұсыну.
Ағайын- алтау, Ана- ---------------.
Шешеге қарап --------- өсер, Әкеге қарап ---------- өсер.
Қыздың аңқауынан сақта, Ұлдың --------------сақта
Бағалау. Белсенді, көркем жазған оқушыларды мадақтау.
29 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Щщ әріптерінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Щщ әрпінің элементтерін жазу техникасына сүйене отырып жазуға үйрету. Сабақ барысында пропорцияларды сақтауға дағдыландыру.
Дамытушылығы: Тапсырмаларды жүйелі қолдана отырып, зейін, қабылдау сияқты таным процестерін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды өз ара қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас түрдегі сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жүйелеу, дамыта оқыту.
Достарыңызбен бөлісу: |