К. Ж изтилеуова А. Б. Жағынан құрастырылған. Оқу құралы оқушылар бойында төмендегідей білім, білік, дағдыларды қалыптастырады: 2 сынып оқушыларына арналған «Көркем жазу» курсы 34 сағатқа есептелген. Әрбір сабақ



бет49/54
Дата15.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#123673
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
қызықты грам қмж

Дәптермен жұмыс жүргізу.
Қолды жазуға дайындау.
1 – тапсырма. Үлгіде көрсетілген өрнектерді жазуға ұсыну. Ыы әрпінің өзге әріптермен байланысын меңгерту.
2 – тапсырма. Бос орынға ұйқасын тауып, өлеңді көшіріп жазу арқылы әріптер арасындағы байланысты сақтауға үйрету.
3 – тапсырма. Мәтінді көшіріп жазу. Ы әрпінің байланысын меңгерту.
Мынау – тамақтар: қатық, нан, май.
Анау – ыдыстар: самаурын, шанышқы, қасық.
Ғалым тамақты атасына апарды. Атасы алғыс айтты.
4 – тапсырма. «Адасқан буындар.» ойыны арқылы буындардан сөз құрастырып жазуға ұсыну.


Үлгі: Уақыт,


Сабақты қорытындылау.

  • Бүгінгі сабақта қай әріптің элементін жазып үйрендік?

  • Ыы әрпі сөздердің қай жерінде келеді?

  • Өзге әріптермен қалай байланысады?

  • Ендігі сабақтан не күтесіңдер?

  • Бүгінгі сабақтан өздеріңе қажетті мәліметті алдыңдарма?

Үйге 5 – тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазуға ұсыну. Қазақтың ұлттық ыдыстары туралы түсінік беру.
Тегене – ағаштан, күмістеліп жасалған шұңғыл ыдыс. Зерен – ағаштан жасалған, қымыз құятын сәнді ыдыс. Аяқ – ағаштан ойып жасалған ыдыс.
Бағалау. Көркем, сауатты жазған оқушыларды мадақтау.
31 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: І і әрпінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға І і әрпінің элементтерін жазу техникасы арқылы меңгерту. Жазу тәртібі, элементтердің өлшемі туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Сабақ барысында түрлі оқыту әдістерін пайдалану арқылы оқушылардың таным процестерін дамыту.
Тәрбиелігі: Әдемі, сауатты жазуға үйрету барысында, оқушыларды тазалыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет