К. Ж изтилеуова А. Б. Жағынан құрастырылған. Оқу құралы оқушылар бойында төмендегідей білім, білік, дағдыларды қалыптастырады: 2 сынып оқушыларына арналған «Көркем жазу» курсы 34 сағатқа есептелген. Әрбір сабақ



бет47/54
Дата15.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#123673
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54
Сабақтың көрнекілігі: Щщ әрпінің баспа, жазба түріндегі кестесі, сюжетті суреттер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық серпіліс жасату.

  1. Үйге тапсырманы сұрау.

Мақалдың жалғасын табу арқылы не ұқтыңдар?
Мақалдағы негізгі ойды қалай түсіндіруге болады?
Мақалды жазу барысында арақашықтықты қалай сақтадыңдар?

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Щщ әрпінің элементтерін жазу.
Шш дыбысы мен Щщ дыбысын салыстыруға арналған « Сөз ойла, көп ойла!» ойыны арқылы сөздердің айтылуын салыстыру.
Бұрыш – борщ. Ашы --- ащы. Ши -- щи. Алаш--- плащ.
Тақтамен жұмыс жүргізу.
Сергіту сәті.
Шап – шап, шапалақ, ( Қолдарын шапалақтайды.)
Алақанды соғамыз. ( Қолдарын жоғарыға көтереді.)
Бір отырып, бір тұрып, (Төменге отырып, орындарынан тұрады.)
Бір сәт сергіп қаламыз. (Денелерін би қалпында қозғайды.)
Дәптермен жұмыс жүргізу.
1 – тапсырма. Үлгіде көрсетілгендей, жазу техникасын сақтай отырып, тапсырманы орындауға ұсыну. Әріптер арасындағы қашықтықты сақтауға үйрету.
2 – тапсырма. Өлеңді қайталап оқу арқылы, жатқа жазу. Сауатты жазу басты мақсат екенін түсіндіру.
Еңбек етпей текке сен:
«Ықыласым жоқ», - дейсің.
Ащы терді төкпесең,
Жетістікке жетпейсің.
3 – тапсырма. Сөздерді топтап жазуға ұсыну. Щщ, Шш әріптерінің жазылуына салыстырмалы түрде назар аудару.


Керекті сөздер: ашу, арша, ащы, бұрыш, борщ, шашу, тұщы, Щорс, Шара,щи, ши
4
– тапсырма.
Мәтінді оқып, көшіріп жазу арқылы әріптерді біркелкі жазуға үйрету.

Футбол
Жазда екі ауылдың балалары футбол ойнады. Бір команда өзіне «Ащыбұлақ» деп қойды. Екінші команда «Тұщыбұлақ» деген атты таңдады. Ойында «Ащыбұлақ» командасы жеңіске жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет