Сабақтың түрі: Аралас түрдегі сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ- жауап.
Сабақтың көргізбелігі: І і әрпінің баспа, жазба кестесі, сюжетті суреттер,
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Сыныпта жағымды психологиялық атмосфера орнату.
Үйге тапсырманы тексеру. 5- тапсырманың орындалуын сұрау. Сөздердің мағынасын ашу.
Жаңа білімді меңгерту. І і әріпінің элементерін жазу.
Сабаққа қызығушылықты ояту. « Екі дос» өлеңін мәнерлеп оқу арқылы, есте сақтау қабілетін дамытып, жаттап алуына көмек беру.
Екі дос Ерліктің дос Ерік – бұл,
Ол досын ертіп келіп тұр.
Ерікке Ерлік: «Оқы!» – деп,
Бір жақсы кітап беріп тұр.
Ерлік, Ерік, кітап сөздеріне буындық талдау жасау арқылы, бүгінгі жазылатын әріпті таныстыру. Жазу сызықтары мен әріптің орналасу ерекшелігін үлгіден көрсету. Үлкен І дыбысының емлесін жазуға дайындық үшін, үлгідегі сызықтардың үстін қаламсаппен жүргізе отырып, қолды үйрету жаттығулары орындалады.
Сергіту сәті Кешірімді боламыз, (Өзін көрсетеді)
Жұлдыздай боп жанамыз.(Қолын жоғары көтереді)
Кіші пейіл боламыз, (Өзін көрсетеді)
Құстай қанат қағамыз. (Қолдарын жайып қанат қағап, саусақтарды жазуға дайындайды)
Дәптермен жұмыс жүргізу.Қолды жазуға дайындау.
1 – тапсырма. Үлгіде көрсетілген өрнектерді орындауға ұсыну. Жазу техникасын сақтап жазуды меңгерту. 2 – тапсырма. Төмендегі мақалдарды толықтыра отырып көшіріп жазу арқылы қажетті сөзді орналастырып, сөзжұмбақты шешуге ұсыну. «Іле» сөзінің мазмұнын ашу. 3– тапсырма. Мұғалімнің көмегімен сөздік диктант жаздырылады. Оқушыларды жылдам жазуға үйрету. Іс, іні, ішік, ірімшік, етік, кесіртке, кілт, сіріңке, сілті, кісен. 4 – тапсырма. Блиц- турнир сұрақтары. «Кім көп біледі?» ойыны арқылы табылған сөздерді жазуға ұсыну. Жеңіл, әдемі, жұпар иісті – ---------------
Ас атасы – ...-------------------
Қысқы аяқ-киім – ----------------------
Үш сөзді жол сақшысы – ----------------