К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет295/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Бездердің жіктелуі. Без сөл бөлу сипатына қарай үлкен екі топқа: ішкі
жəне сыртқы секреция бездері болып бөлінеді. Ішкі секреция бездері немесе 


эндокринді бездер инкреттерін организмнің сұйық ішкі ортасына (қанға,
лимфаға, ұлпа сұйығына) шығарады. Эндокринді бездердің шығару өзектері 
болмайды. Олар тек қана бөлінді бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады. Ал

сыртқы секреция бездері немесе экзокринді бездер секреттерін шығару
өзектері арқылы қоршаған сыртқы ортаға немесе сыртқы ортамен қатысатын 
түтікше мүшелердің қуысына шығарады.
Бездер құрылысына қарай: бір жасушалы жəне көп жасушалы бездер 
болып бөлінеді. Бір жасушалы бездер төменгі сатыдағы жануарларға тəн.
Сүтқоректі жануарлардағы бір жасушалы бездердің өкілі құты (бокал) тəрізді 
жасушалар. Бұлар кеңірдектің, бронхтардың, ішектің эпителий қабаттарында,
эпителиоциттер аралықтарыңда орналасады. Сондықтан, құты тəрізді 
бездерді эндоэпителиальды бездер — деп атайды. Бұлар эпителий
қабатының ішкі бетін сылап тұратын кілегей бөледі. 


Көп жасушалы бездер мүшелер эпителий қабаттарының астындағы
қабаттарда немесе түтікше мүшелер қабырғаларынан тыс орналасады. 
Сондықтан, бұларды экзоэпителиальды бездер — деп атайды. Көл
жасушалы бездер орналасу орындарына қарай: қабырғалық (интрамуральды) 
жəне қабырғадан тыс (экстрамуральды) бездер болып бөлінеді. Қабырғалық 

бездер түтікше мүшелердің қабырғасында, кілегейлі қабық эпителий
қабатының астындағы қабаттарда орналасқан майда бездер. Олар секретін 
өзектері арқылы түтікше мүшелердің (кеңірдек, өңеш, ішек, жатыр т.б.)
қуысына

шығарады



Қабырғадан тыс бездер түтікше мүшелер
қабырғаларынан тыс жатқан ірі бездер (бауыр, ұйқы безі т.б.). Бұлардың 
өзектері де, түтікше мүшелер куыстарына ашылады. Көп жасушалы сыртқы
секреция бездері екі бөлімнен: секрет бөлетін соңғы бөлімнен жəне без 
өзегінен тұрады.
Без өзегінің тарамдалу сипатына байланысты бездер: қарапайым жəне 


күрделі болып бөлінеді. Қарапайым бездердің өзектері тарамдалмайды, ал
күрделі бездердің өзектері, керісінше, бірнеше тарамға ажырайды. 
Соңғы бөлімдерінің пішініне қарай бездер: көпіршікше (альвеолалы), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет