484
б)төменгі жақ жүйкесінің (аралас жүйке) — n. mandibularis қозғалтқыш
жүйке талшықтары шайнау бұлшық еттерін, ал сезімтал жүйке талшықтары
ауыз куысының түбі, тіл, ұрт кілегейлі қабықтарын,
төменгі жақты, төменгі
ерін, иек, самай, төбе аймақтарының терісін жүйкелендіреді.
Əкеткіш жүйке (VI жұп, қозғалтқыш жүйке) — n. abducens — сопақша
мидан шығып, көздің латеральды тік жəне көз алмасының тартқыш бүлшық
еттерін жүйкелендіреді.
Бет жүйкесі (VII жұп, аралас жүйке) — n. facialis —
сопақша мидан
шығып, қозғалтқыш жүйке талшықтары — бет бұлшық еттерін,
сезімтал
жүйке талшықтары тілдің ұшы мен денесіндегі дəм сезімі емізікшелерін
жүйкелендіреді.
Жүйке
құрамында
сілекей
бездеріне
арналған
парасимпатикалық жүйке талшыктары болады.
Достарыңызбен бөлісу: